Шетел азаматтарын ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ағымдағы жыл ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте шетелдік азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын іске асырылады.
Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге қабылданады.
Шетел азаматы қабылданғаннан кейін шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар 1 (бірінші) - академиялық оқу кезеңі мерзімінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
Шетел азаматтарын оқуға қабылдау тәртібі:
- Құжаттарды тапсыру;
- Әңгімелесу;
- Білім беру қызметін көрсету шартын жасау, оқу ақысын төлеу;
- Медициналық құжаттарды ұсыну;
- Білім алушылар қатарына қабылдау;
- Көші-қон есебіне қою.