Білім беру бағдарламалары

7 дайындау бағыты

6В01 - Педагогикалық ғылымдар; 6В02 - Өнер және гуманитарлық ғылымдар; 6В03 - Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат; 6В04 - Бизнес, басқару және құқық; 6В05 - Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика; 6В06 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; 6В11 - Қызмет көрсету

Егер сіздің пәндеріңіз:

Биология + География
6B01802 Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент

6B01802 Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент

Кәсіптік қызмет нысандары:
  • мемлекеттік құрылымдар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, балалардың құқығын қорғау жөніндегі аймақтық департаменттер), әлеуметтік институттар (әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыссыздарға, табысы аз, мүгедектерге, шектеулі еңбекке қабілетті адамдарға көмек және қолдау органдары); әлеуметтік бағыттағы мекемелерде (әлеуметтік қамтамасыз ету органдарында, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілген, жұмысқа жарамсыз адамдарды қолдау және көмек көрсету органдарында);
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудың білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, мамандандырылған оқу орындары);
  • қоғамдық ортадағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту проблемаларына байланысты мекемелер (түзету және оңалту орталықтары, арнайы мектептер, балалар қабылдау пункттері, колониялар);
  • балалардың бос уақытын ұйымдастыруға және балалардың шығармашылығын қолдауға, жас ұрпақты толық әлеуметтендіруге және тұлғалық дамуына байланысты мекемелер (қоғамдық ұйымдар, балалар клубтары, студиялар, сауықтыру лагерлері).
Бейіндік пәндері: биология + география
6B05201 Экология

6B05201 Экология

Бітіруші түлектер 6В05201 Экология білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры академиялық дәрежесін алады.
Кәсіби қызмет жасау салалары:
  • өндірістік бақылау;
  • басқару органдарда;
  • ғылыми-зерттеу орталықтарында;
  • білім беру саласында;
  • экологиялық жобалау;
  • мониторингтік экологиялық қызмет;
  • қоршаған ортаның сапасын бақылау.
Бейіндік пәндері: биология+география
6В01203 Мектепке дейінгі білім беру (IP)

6В01203 Мектепке дейінгі білім беру (IP)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешісі, колледж мұғалімі, білім басқармасының бас маманы, педагогикалық кадрларды жетілдіру институттарында мектепке дейінгі тәрбие бойынша маман болып жұмыс істей алады.

Бейіндік пәндер: биология + география
6B01303 Бастауышта білім беру (IP)

6B01303 Бастауышта білім беру (IP)

Түлек педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі бакалавры біліктілігін алады, келесі қызмет түрлерін орындай алады: бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тіл, математика, қоршаған әлем, сурет, музыка мұғалімі, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.

Бейіндік пәндер: биология + география
6В03105 Психология

6В03105 Психология

Академиялық дәрежесі: 6В03105  психология білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметтің объектілері:

  • мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялар;
  • мамандандырылған оқу және оқу орындары; мектептер мен колледждер; ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар;
  • спорттық және шығармашылық ұйымдар; денсаулық сақтау мекемелері; кәсіптік бағдар беру және кәсіптік оқыту орталықтары;
  • қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, халықты жұмыспен қамту орталықтары;
  • қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталықтары;
  • өндірістік кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдар;
  • құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық мекемелер;
  • педагогикалық қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталықтары;
  • қарым-қатынас процестері (тұлғааралық деңгейден макро әлеуметтік деңгейге дейін) және адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың, адам мен техниканың өзара әрекеттесуінің психологиялық мәселелері.
Бейіндік пәндер: биология + география
6В01103 Психология (ІР)

6В01103 Психология (ІР)

Академиялық дәрежесі: 6В01103 Психология (ІР) білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
Кәсіби қызметтің объектілері:
  • білім беру саласында (мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялар, мамандандырылған оқу және оқу орындары, мектептер мен колледждер, балаларды дамыту орталықтары);
  • ұйымдастыру-басқару саласында (спорттық және шығармашылық ұйымдар, денсаулық сақтау мекемелері, кәсіптік бағдар беру және кәсіптік оқыту орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, халықты жұмыспен қамту орталықтары, қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталықтары);
  • ғылыми-зерттеу саласында (ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар);
  • өндірістік-басқару саласында (өндірістік кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдар, құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық мекемелер, педагогикалық қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталықтары).
 
Бейіндік пәндер: биология+география
Математика + Физика
6B01536 Физика (IP)

6B01536 Физика (IP)

Бітіруші түлекке 6В01536 физика (IP) білім беру бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бітірушінің кәсіби қызметінің нысаны: педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарды атқара алады.

Бейіндік пәндер: физика + математика
6В01520 Математика (ІР)

6В01520 Математика (ІР)

6В01520 Математика (IP) білім беру бағдарламасы  қазіргі қоғамда сұранысқа ие, білім беру саласындағы тұрақты өзгерістерге тез бейімделе алатын және бәсекеге қабілетті мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беретін математика мұғалімі ретінде маманданғысы келетін болашақ мұғалімдерге арналған педагогикалық білім беру бағдарламасы.
Бітірушінің кәсіби қызметінің нысаны: мектептер, колледждер, гимназиялар.
 
Бейіндік пәндер: математика+физика
Математика + Информатика
6B06104 Компьютерлік технологиялар және жасанды интеллект

6B06104 Компьютерлік технологиялар және жасанды интеллект

6B06104 Компьютерлік технологиялар және жасанды интеллект
6B06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

6B06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Бітірушінің академиялық дәрежесі: 6B06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - заманауи IT технологиялары, автоматика, электр схемасы және робототехника саласындағы мемлекеттік органдардың компьютерлік және ақпараттық қызметтерінде жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті бағдарламашылар мен мамандарды даярлау.
Бітірушінің кәсіби қызметінің саласы: әр түрлі ақпараттық жүйелерді жасайтын, іске қосатын және қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар, атап айтсақ машина құру, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әртүрлі техникалармен басқару салалары.
Бейіндік пәндер: математика + информатика
6B01518 Информатика және робототехника

6B01518 Информатика және робототехника

Информатика және робототехника саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға, жоғары бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау.

Түлекке 6В01518 Информатика және робототехника білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Білім бакалаврлары білім беру қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдардың лауазымдарының Типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарды атқара алады.

      6В01518 Информатика және робототехника білім беру бағдарламасының түлегі күтілетін нәтижелерге негізделген орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес әр түрлі кәсіби міндеттерді шеше алады:

  • кәсіптік қызмет объектілеріне сәйкес оқу орындарында информатикадан сабақ береді;
  • педагогикалық және білім беру қызметін, оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырады;
  • информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізеді, студенттерді әлеуметтік құндылықтар жүйесімен таныстырады;
  • ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің, әдістемелік эксперименттер жүргізудің дағдыларын иеленеді, оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етеді, студенттердің білім беру мазмұнын игеру деңгейін зерттейді, білім беру ортасын зерттейді;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде инклюзивті және сараланған тәсілдерді қолданады;
  • кәсіби қоғамдастықпен және білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттеседі –
  • көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік қабілеттерге ие, жаһандық сын-қатерлерге бейім.
Бейіндік пәндері: математика + информатика
6В01517 Информатика (ІР)

6В01517 Информатика (ІР)

6В01517 Информатика (ІР)
Қазақ тілі + Қазақ әдебиеті
6B02301 Филология: қазақ филологиясы

6B02301 Филология: қазақ филологиясы

6В02301 Филология: қазақ филологиясы білім беру бағдарламасы бойынша оқу бітірушіге 6В02301 Филология: қазақ филологиясы білім беру бағдарламасы бойынша филология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Аталған білім беру бағдарламасын бітіруші түлек келесі қызметтерді орындайды:
- лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология салаларында зерттеулер жүргізу;
- баспа өнімдерін редакциялайды, түзетеді;
- ресми-іскерлік құжаттарды дайындайды;
- мәдениет саласында ағартушылық жұмыстар жүргізеді;
- ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асырады;
- білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында филологиялық білімді қажет ететін кәсіптік қызметтерді жүзеге асырады.
Бейіндік пәндері: қазақ тілі + қазақ  әдебиеті
6В01725 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі (5 жыл)

6В01725 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі (5 жыл)

6В01725 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі (5 жыл)
6В01715 Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР)

6В01715 Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР)

6В01715 Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР)
6В02304 Филология: қазақ тілі және түрік тілі

6В02304 Филология: қазақ тілі және түрік тілі

Академиялық дәрежесі: 6B02304 «Филология: қазақ тілі және түрік тілі» білім беру бағдарламасы  бойынша білім бакалавры.
Бітіруші түлек тілдік курстар мен оқыту орталықтарында тіл үйретуші маман, қазақша-түрікше және түрікше-қазақша аудармашы, әдеби шығармаларды, құжаттарды, фильмдер мен сериалдарды аударушы, синхронды және жазбаша аудармашы (конференция, іссапарларда), редактор немесе корректор (қазақ және түрік тілдерінде) т.б. қызметтер атқара алады.
Бейіндік пәндер: қазақ тілі+қазақ әдебиеті
6В03207 Кітапханалық-педагогикалық қызмет

6В03207 Кітапханалық-педагогикалық қызмет

Академиялық дәрежесі: 6B03207 «Кітапханалық-педагогикалық қызмет» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
Бітіруші түлек кітапханашы, әдеби іс-шаралар мен оқыту сабақтарын өткізуге жауапты кітапханашы-әдіскер, электронды кітаптармен жұмыс істеу, онлайн платформаларда ресурстарды жүйелеуге қатысты контент-менеджер т.б. қызметтерін атқара алады.

Бейіндік пәндер: қазақ тілі+қазақ әдебиеті
География + Дүниежүзі тарихы
6B01523 География-Тарих (5 жыл)

6B01523 География-Тарих (5 жыл)

6B01523 География-Тарих (5 жыл)
6B01601 Тарих

6B01601 Тарих

Академиялық дәрежесі:  Тарих білім  бағдарламасы  бойынша білім бакалавры
Кәсіби қызмет түрлері: 
- білім беру саласында (педагогикалық):  жалпы орта білім беру мекемелерінде, орта кәсіптік орындарында мұғалім (оқытушы)  ретінде;
- тәрбиелік:  қосымша білімі бар оқытушы-әдіскер,  бөлім басқарушысы және мекемелерде мектептен тыс білім беру,  академиялық институттарда және жоғары оқу орындарында кіші ғылыми қызметкерлер,  аға ғылыми қызметкерлер болу;
- жобалау:  оқулықтардың редакторлары болып жоба институттарында және мекемелерінде кеңесші ретінде.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Жалпы және арнайы мамандандырылған мектептер,  лицейлер,  колледждер,  техникумдар,  гимназиялар және басқа да орта арнайы оқу орындары,  мемлекеттік мекемелер,  мұражайлар,  мұрағаттар,  ғылыми зерттеу институттары,  баспалар,  кітапханалар,  педагогикалық,  тарихи білім беру кабинеттері және білім беру мекемелері.
Бейіндік пәндері: дүниежүзі тарихы + география
6В02202 Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану

6В02202 Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану

Мақсаты: терең теориялық білім мен құзыреттілікті меңгерген, ғылыми, эксперименттік-лабораториялық (музей, архив саласында), оқытушылық және әкімшілік-басқарушылық қызметке дайын білікті тарихшы және іс-жүргізуші мамандарын даярлау.
«Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану»  білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметін келесі салаларда жүзеге асырады:
  • Археология және этнология салалары бойынша қызметкер;
  • мұражай қызметкері;
  • экскурсия жүргізуші және жетекшісі;
  • мұрағат қызметкері;
  • талдау және есепке алу бойынша кітаптар мен құжаттар қорын сақтаушы;
  • Құжаттама мен іс-жүргізуші;
  • Мұрағат және мұражай саласында салалық және салааралық жобаларды дайындау, нормативтік-әдістемелік, ұйым қызметін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ғылыми-әдістемелік кабинет әдіскері;
  • электрондық құжаттарды басқарудың әдістемелік және технологиялық аспектілерін әзірлеу, цифрлық мәліметтер базасын және архив саласының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрастырушы маман;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тарих пәнінен оқытушы, әдіскері (колледж, училищелер);
  • Ғылыми-зерттеу институттары ғылыми қызметкері;
  • Кәсіби біліктілікті арттыру институтында тарихшы-әдіскер.
Бейіндік пәндері: дүниежүзі тарихы + география
6В01519 География (ІР)

6В01519 География (ІР)

6В01519 География (ІР)
6В01602 Тарих-қоғамтану (ІР)

6В01602 Тарих-қоғамтану (ІР)

Бітіруші түлек 6В01602 "Тарих және әлеуметтік зерттеулер" бакалавр дәрежесін алады.
6В01602 "Тарих және қоғамтану" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері: жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер, лицейлер, колледждер, гимназиялар, біліктілікті арттыру институттары, баспалар, кітапханалар, педагогикалық, тарихи білім беру кабинеттері, білім беру мекемелеріндегі педагогикалық процесс болып табылады.

Бейіндік пәндер: география+дүниежүзілік тарих
Дүниежүзі тарихы + Құқық негіздері
6В04202 Құқықтану

6В04202 Құқықтану

Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша бітірген түлекке 6В04201 «Құқықтану» білім беру бағдарламасының бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бакалаврлар келесідей лауазымдарды атқара алады:
Кәсіби қызмет саласы:
  • Мемлекеттің жеке және заңды түлғалардың құқық саласында туындайтын заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қорғау, қамтамасыз ету, кепілдік беру.
Кәсіби қызмет нысандары:
  • Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны құқық қорғау органдары, мемлекет билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілетті органдары, мемлекет және мемлекеттік емес кәсіпорындар, адвокатура, банкілер, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, білім беру ұйымдары бола алады.
Бейіндік пәндері: дүниежүзі тарихы + құқық негіздері
6В04203 Құқық қорғау қызметі

6В04203 Құқық қорғау қызметі

Түлектер келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:
- Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкері;
- квазимемлекеттік сектор қызметкері;
- коммерциялық ұйымдарда заңгер;
- заң консультанты;
- медиатор;
- адвокаттың көмекшісі;
- нотариустың көмекшісі;
- сот орындаушысының көмекшісі;
- іс жүргізуші;
- мұрағатшы.
Бейіндік пәндері: дүниежүзі  тарихы+құқық негіздері
Биология + Химия
6B05301 Химия

6B05301 Химия

Түлектерге «Химия»  білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

"Химия" білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры нарық және мемлекеттің мамандарға деген қажеттілігін ескере отырып, келесі қызметтерде жұмыс істей алады:

  • химик;
  • инженер-химик;
  • химия оқытушысы;
  • маман.

"Химия" білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

  • химия салалары;
  • металлургия;
  • мұнай-химия;
  • фармацевтикалық өнеркәсіп;
  • білім беру саласы;
  • ғылым және экология мамандары болады.

"Химия" білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері:

  • талдау, кеден, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификаттау қызметтерінің өндірістік зертханалары;
  • химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары (институт, зертханалар) ;
  • орта жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер, гимназиялар, білім бөлімдері болып табылады.
Бейіндік пәндері: химия+биология
6В01534 Химия (IP)

6В01534 Химия (IP)

Оқытудың нәтижесі: қоршаған орта шынайылығын   қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде, эксперименттік зерттеулер мен ғылыми, зертханалық және оқу-әдістемелік сипаттағы әртүрлі тәжірибеге бағытталған тапсырмалардың нәтижелерін талдау және бағалау кезінде пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру, білім алушының педагогикалық зерттеулерде,  оқу үрдісіндегі білім алу, күнделікті кәсіптік іс-әрекетке және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті сабақтас ғылымдар бойынша білімдерін синтездеу.

Бейіндік пәндер: химия + биология
6B01533 Биология (IP)

6B01533 Биология (IP)

6В01533 Биология (ІР) білім беру бағдарламасы инновациялық технологияларды, кәсіби қызметте пайдалануға қабілетті, білікті биология мұғалімін даярлауға бағытталған. Кәсіби қызмет саласы:

  • білім беру саласында (орта мектеп, лицей, гимназия, колледжде биология пәнінің мұғалімі);
  • ұйымдастыру-басқару саласында (білім беру, әкімшілік, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру т.б. мекемелерде);
  • ғылыми-зерттеу саласында (биология саласы бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер ретінде);
  • өндірістік-басқару саласында (биология саласы бойынша өндірістерде маман ретінде).

Бейіндік пәндер: биология+химия

6В01532 Биология – Психология

6В01532 Биология – Психология

6В01532 Биология – Психология білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бакалавры академиялық дәрежесін алады.
Кәсіби қызмет саласы:
Биология бойынша: білім беру саласында (орта мектеп, лицей, гимназия, колледжде биология пәнінің мұғаліміретінде); ұйымдастыру-басқару саласында (білім беру, әкімшілік, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру т.б. мекемелерде); ғылыми-зерттеу саласында (биология саласы бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер ретінде); өндірістік-басқару саласында (биология саласы бойынша өндірістерде маман ретінде).
Психология бойынша: білім беру саласында (мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялар, мамандандырылған оқу және оқу орындары, мектептер мен колледждер, балаларды дамыту орталықтары); ұйымдастыру-басқару саласында (спорттық және шығармашылық ұйымдар,  денсаулық сақтау мекемелері, кәсіптік бағдар беру және кәсіптік оқыту орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, халықты жұмыспен қамту орталықтары, қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталықтары); ғылыми-зерттеу саласында (ғылыми-зерттеуинституттары мен ғылымиорталықтар);
Бейіндік пәндер: биология+химия
6B01521 Химия-Биология (5 жыл)

6B01521 Химия-Биология (5 жыл)

6B01521 Химия-Биология (5 жыл)

Математика + География
6В04108 Экономика және менеджмент

6В04108 Экономика және менеджмент

6В04108 Экономика және менеджмент  білім беру бағдарламасының мақсаты экономиканы цифрландыру жағдайында еңбек нарығында сұранысқа ие, экономиканың жұмыс істеуі мен бизнесті жүргізудің инновациялық технологияларына еркін бағдарланған, негізгі кәсіби қабілеттерін іске асыруға жоғары дайындық деңгейіне ие, өз қызметінің кәсіби салаларын дамытудың сипаты мен бағытына сындарлы әсер ететін және микро және  макро деңгейде ұйымдастырушылық және басқарушылық қызмет дағдыларын меңгерген экономист – менеджерлерді даярлау болып табылады.
Бітіруші түлекке 6В04101 Экономика және менеджмент білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару академиялық дәрежесі беріледі.
6В04108 Экономика және менеджмент білім беру бағдарламасы бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары: қызмет түріне, меншік нысанына, қатысушылар санатына (ҚР резиденттері және бейрезиденттері) қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдау қызметтері, республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар; ғылыми-зерттеу институттары, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білімнің білім беру мекемелері болып табылады.
Бейіндік пәндері: математика + география
6B03109 Социология-HR

6B03109 Социология-HR

6B03109 Социология-HR
6В04111 Есеп және аудит

6В04111 Есеп және аудит

Заманауи кәсіби құзыреттілікке ие, серпінді өзгермелі кәсіби және әлеуметтік қызмет жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару қызметінің дағдыларын меңгерген, көшбасшылық қасиеттерге ие және өзін-өзі қалыпастырумен өзін-өзі жетілдіругеұмтылған кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды дайындау.
Осы білім беру бағдарламасының түлегіне "Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.
Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры бас бухгалтер, аға бухгалтер, аға экономист, аға қаржыгер, коммерциялық менеджер, қаржылық талдаушы, аудитор немесе ревизор, кеңесші қызметтерін атқара алады: республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржылық және сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201ө-м бұйрығымен бекітілген басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер жанындағы қаржы басқармалары мен бөлімдері, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметтерінде.
Бейіндік пәндері: математика + география
6B04105 Қаржы

6B04105 Қаржы

Заманауи кәсіби құзыреттілікке ие, серпінді өзгеретін кәсіби және әлеуметтік қызмет жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, негізгі кәсіби функцияларды іске асыруға жоғары дайындық деңгейіне ие, өз қызметінің кәсіби салаларының даму сипаты мен бағытына конструктивті ықпал ете алатын, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару қызметінің дағдыларын меңгерген, көшбасшылық қасиеттерге ие және өзін-өзі қалыпастыру мен өзін-өзі жетілдіругеұмтылатын қаржы менеджерлері мен талдаушыларды дайындау.
Осы білім беру бағдарламасының түлегіне "Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.  
Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры өзінің кәсіби қызметін қаржыны ұйымдастырумен, жоспарлаумен, реттеумен, бақылаумен және басқарумен, қаржы, ақша - несие институттарымен, сақтандыру, зейнетақы, инвестициялық компаниялармен байланысты сондай-ақ ұлттық экономиканың барлық салалары мен буындарында зерттеу, инновациялық, жобалық, кеңес беру, талдау қызметін, жалпы білім беру және орта білім беру ұйымдарында білім беру (педагогикалық) арнайы мекемелерінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201ө-м бұйрығымен бекітілген басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы бөлімдерінде қызметін жүзеге асырады.
Бейіндік пәндері: математика+география
6B04114 Маркетинг және бизнес

6B04114 Маркетинг және бизнес

6В04107  Маркетинг және бизнес еңбек нарығында білім беру бағдарламасының мақсаты: маркетинг және бизнес саласында бәсекеге қабілетті білім деңгейіне, заманауи маркетинг және бизнес саласында кәсіби дағдыларға ие, ұйымның тиімді маркетингтік қызметін жүзеге асыру үшін нарықтың жаңа жағдайларына бейімделуге қабілетті жоғары кәсіби мамандарды даярлау болып табылады.
Осы білім беру бағдарламасының түлегіне білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
6В04107 Маркетинг және бизнес білім беру бағдарламасының түлектері компанияның нарықтағы жұмысын қамтитын барлық салаларда жұмыс істей алады, соның ішінде жарнама, клиенттерді тарту, сату, мәмілелерді орындау және сату қызметі.
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері нарықтар (тауарлық, қорлық, ақпараттық) болып табылады; және т. б.), шаруашылық жүргізуші субъектілердің маркетингтік мүмкіндіктері, маркетингтік зерттеулер, тұтынушылар, жеткізушілер, делдалдар, байланыс аудиториялары, бәсекелестер, өндірістік және тұтынушылық мақсаттағы тауарлар, қызметтер, жылжыту элементтері (жарнама, қоғаммен байланыс, жеке байланыстар, өткізуді ынталандыру);мемлекеттік мекемелер, қызмет көрсету кәсіпорындары (қонақ үйлер, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, туристік фирмалар, экскурсиялық бюролар), өндірістік және делдалдық кәсіпорындар, халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, Көлік және коммуникациялар, қойма, саяси білім, қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар мен қоғамдар.
Бейіндік пәндері:  математика + география
6В05204 География

6В05204 География

Бітірушіге География бойынша «жаратылыстану бакалавры»  академиялық дәрежесі беріледі.
Кәсіби қызмет саласы:
- ғылыми зерттеу мекемелері және географиялық жобалар;
- өндіріс саласының қызметі;
- экологиялық-географиялық мониторинг қызметі;
- білім беру саласы мен туристік қызмет көрсету саласы;
- табиғи орта және адам денсаулығының сапасын бақылау.
Бейіндік пәндері:  математика + география
6В04108 Экономика және менеджмент

6В04108 Экономика және менеджмент

6В04108 Экономика және менеджмент
Орыс тілі + Орыс әдебиеті
6B02302 Филология: орыс филологиясы

6B02302 Филология: орыс филологиясы

«Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеріп, қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 6В02302 «Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша «Филология бакалавры»  академиялық дәрежесі беріледі.
6В02302 «Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр төмендегідей қәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
  • ұйымдастыру-басқару;
  • ғылыми-зерттеу, (орыс тілі мен әдебиетін қәзіргі жағдайы және тарихи дамуы тұрғысынан зерттеу);
  • баспа ісі, іс жүргізу, аударма, БАҚ-тағы қызмет.
6В02302 «Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген бітірушілер тіл және әдебиет бағыты бойынша магистратурада оқуын жалғастыра алады.
Бейіндік пәндері: орыс тілі + орыс әдебиеті
6В01716 Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (ІР)

6В01716 Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (ІР)

Бітіруші түлекке «Орыс және орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (ІР)» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Кәсіби қызметтің объектілері: жалпы білім беретін орта мектептер, лицей, гимназиялар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, әдеби-шығармашылық орындар.

Бейіндік пәндер: орыс тілі+орыс әдебиеті
Дүниежүзі тарихы + Шетел тілі
6В03106 Аймақтану

6В03106 Аймақтану

Бітіруші түлектерге  6В03103  Аймақтану білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Түлектің біліктілік моделі:
6В03103   Аймақтану білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне әдістемелік және психологиялық тұрғыдан дайын;
- түлектің өзінің қызмет саласы бойынша алған білімі, бастамашылдығы, белсенділігі оған   еңбек нарығы мен технологияның өзгеріп отыратын талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді;
- жаңартылған білім берудің жаңа  ережелері мен жолдарын, оқытудың инновациялық әдістерін, қазіргі заманғы технологияларды меңгере отырып игеруге дағдыланған.
- әдістемелік тәжірибелер жүргізу, ғылыми-зерттеу  қызметін жүзеге асыру дағдыларына ие;
- Көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік қабілеттерге, жаһандық сынақтарға бейімделген, дағдыланған;
- 6В03103 Аймақтану бакалавры Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының әртүрлі мемлекеттік органдарында және сыртқы қатынастар саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдарда, трансұлттық корпорацияларда келесі лауазымдарда жұмыс істеуге дайын: референт, сарапшы, халықаралық қатынастар саласындағы кеңесші, сыртқы саясаттың бақылаушысы, тиісті шет тілдеріндегі аудармашы (аудармашы-референт), аналитик, Қазақстан Республикасының ғылыми және білім беру ұйымдарының аймақтық саясат саласындағы және жоғары арнайы білімі бар мамандарды типтік номенклатуралық лауазымдармен алмастыру үшін ұсынылған лауазымдар  қызметкері.
Бейіндік пәндері: дүниежүзі  тарихы + шетел  тілі
6B03102 Халықаралық қатынастар

6B03102 Халықаралық қатынастар

6В03102 Халықаралық қатынастар бакалавры өзінің халықаралық қатынастар саласындағы кәсіби қызметін мына салаларда  жүзеге асырады:
- жаһандық саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, мәдени, идеологиялық және басқа процестерді реттеу;
- Мәдениет, ғылым және білім саласындағы халықаралық қатынастар;
- Қазақстан Республикасының дипломатиясы және сыртқы саясаты;
- Қазақстан облыстарының шекаралық байланыстары;
- заманауи жаһандық мәселелер мен процестерді талдау негіздері;
- халықаралық қатынастар, әлемдік саясат және халықаралық қауіпсіздікті жан - жақты қамтамасыз ету саласындағы жоғары білім.

6В03102 Халықаралық қатынастар  білім беру бағдарламасы  бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет нысандары: мемлекеттік департаменттер, республикалық және аймақтық мемлекеттік басқару және басқару органдары – халықаралық  бөлімдердің, департаменттердің және шетелдік өкілдіктердің кіші және көмекші персоналы ретінде (кіші аудармашылар мен ілесіп жүрген адамдар, сарапшылар, референттер, соның ішінде ақпарат жинау референттері, хатшы аудармашылар, техникалық ақпараттық және қолдау бөлімшелерінің орындаушылары);халықаралық ұйымдар - сарапшылар, референттер, көмекші персонал және кіші звено аудармашылары  ретінде;

Қазақстандық және шетелдік бизнес құрылымдары, халықаралық қатынастарды қолдайтын немесе халықаралық мәселелермен айналысатын коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдар - кіші және қосалқы персонал ретінде (сарапшылар, ақпарат жинау бойынша референттер, кіші аудармашылар, хатшы-аудармашылар, лаборанттар, үйлестірушілердің көмекшілері, жобаның атқарушы хатшылары)

БАҚ редакциясы - халықаралық мәселелер бойынша репортер, көмекші персонал және кіші  звено аудармашылары  ретінде.

Бейіндік пәндері: дүниежүзі тарихы + шетел тілі 
6В01713 Ағылшын тілі (ІР)

6В01713 Ағылшын тілі (ІР)

6В01713 Ағылшын тілі (ІР)
6В01714 Шетел тілдері (ІР)

6В01714 Шетел тілдері (ІР)

6В01714 Шетел тілдері (ІР)
География + Шетел тілі
6B11105 Халықаралық туризм және қонақ үй менеджменті (Польша, қос диплом)

6B11105 Халықаралық туризм және қонақ үй менеджменті (Польша, қос диплом)

6B11105 Халықаралық туризм және қонақ үй менеджменті (Польша, қос диплом)
6B11106 Цифрлы туризм

6B11106 Цифрлы туризм

6B11106 Цифрлы туризм
Шығармашылық білім беру бағдарламалары
6В01408 Бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығы

6В01408 Бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығы

Бітіруші түлектер бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындық бакалавр академиялық дәрежесі біліктілігін алады, орта білім беретін оқу орындары (жалпы білім беретін орта мектептерде, мектеп-интернаттарда, гимназиялар мен лицейлерде), техникалық және кәсіптік  білім беретін және білім беру әкімшілік ұйымдарында қызмет атқара алады.
Міндетті  тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы;
  2. ҚР тарихы.
2 шығармашылық емтихан:
  1. Спорт түрлері бойынша нормативтер
  2. Спорт ойындары.
6В02129 Аспаптық орындаушылық

6В02129 Аспаптық орындаушылық

Біліктілігі:  оқытушы, концерттік  орындаушы, оркестр, ансамбль әртісі. Бітірушілер аспапта орындаушылық бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады. Олар мәдениет  және білім  саласында  жұмыс істеуге  дайын. Кәсіптік  біліктіліктерінің  қолдану  аясы: мәдениет  және  өнер  орта  білім  беретін  оқу  орындары  және  концерттік-филармониялық  ұжымдар.

Міндетті тестілеу пәндері:

  1. Оқу сауаттылығы
  2. Қазақстан тарихы

2 шығармашылық емтихан:

  1. Жеке (соло)  бағдарламасын  орындау (әр түрлі характердегі екі ән)
  2. Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/гармония/сольфеджио/этносольфеджио).
6В02102 Вокалдық өнер

6В02102 Вокалдық өнер

Бітіруші вокалдық өнер бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады. Мәдениет және білім саласында жұмыс істеп, концерттік орындаушылық, педагогикалық, ұйымдастырушылық жұмыстарды, шығармашылық және ұйымдастырушылық міндеттерді атқара алады.
 Міндетті тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. Қазақстан тарихы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Жеке (соло)  бағдарламасын  орындау (әр түрлі характердегі екі ән)
  2. Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/гармония/сольфеджио/этносольфеджио).
6В02125 Дәстүрлі-музыкалық өнер

6В02125 Дәстүрлі-музыкалық өнер

Біліктілігі:  оқытушы, концерттік  орындаушы, оркестр, ансамбль әртісі. Бітірушілер дәстүрлі  музыкалық  өнер  бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады. Олар мәдениет  және білім  саласында  жұмыс істеуге  дайын. Кәсіптік  біліктіліктерінің  қолдану  аясы: мәдениет  және  өнер  орта  білім  беретін  оқу  орындары  және  концерттік-филармониялық  ұжымдар.
Міндетті тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. Қазақстан тарихы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Жеке (соло)  бағдарламасын  орындау (әр түрлі характердегі екі ән)
  2. Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/гармония/сольфеджио/этносольфеджио).
6B02104 Режиссура

6B02104 Режиссура

Бітіруші    драма театр режиссері  академиялық бакалавры  академиялық  біліктілігін  алады.
Режиссура білім беру бағдарламасының бакалавры жасайтын қызмет нысандары: театрлар, шығармашылық орталықтар, киностудиялар, телестудиялар, мәдениет мекемелері, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары, жоғары өнер оқу орындары.
Міндетті тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. Қазақстан тарихы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Актерлік шеберлік, сахна тілі
  2. Би, вокал
6B02105 Хореография

6B02105 Хореография

6В02105 Хореография білім беру бағдарламасы  түлегіне  өнер  бакалавры  академиялық  дәрежесі  беріледі, біліктілігі:  хореография  педагогы.
6В02105 Хореография білім беру бағдарламасы бакалавры жасайтын қызмет объектісі: хореографиялық өнер саласындағы педагогикалық қызметтер: хореографиялық шығармашылық орталықтарда; театрлар; хореографиялық колледждері, мектептері; шығармашылық орталықтар, мәдениет сарайлары мен үйлері, студиялар, клубтар, мектептер мен балалар мекемелері және т.б.
Міндетті  тестілеу пәндері:
  1. Қазақстан тарихы
  2. Оқу сауаттылығы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Орындау шеберлігі
  2. Коллоквиум. Балетмейстер өнері  бойынша тәжірибелік жұмыс.
6В02123 Сән және костюм дизайны

6В02123 Сән және костюм дизайны

6В02108 Сән және киім дизайны білім беру бағдарламасының түлегіне өнер бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілігі: киім дизайнері (модельер).
6В02108 Сән және киім дизайны білім беру бағдарламасының түлегі  келесі қызметтерді атқара алады:
  • Білім беру бағдарламасы бойынша дизайнер;
  • Білім беру бағдарламасы (өндіріс, ателье кәсіпорны) бойынша бірінші санатты техник;
  • Шығармашылық шеберханалардың, сән үйінің, ательенің, студиялардың дизайны мен т. б. жетекшісі.
Міндетті  тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. ҚР тарихы
       2 шығармашылық емтихан:
  1. Сурет, кескіндеме.
  2. Композиция немесе сызу.
6В02124 Интерьер дизайны

6В02124 Интерьер дизайны

6В02109 Интерьер дизайны білім беру бағдарламасының түлегіне өнер бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, біліктілігі: интерьер дизайнері.
6В02109 Интерьер дизайны білім беру бағдарламасы келесі қызметтерді атқара алады: 
  • Дизайн бюро, дизайн-студиялар, сәулет-жобалау шеберханалары, жарнама агенттіктері -дизайн бюро, дизайн-студиялар, сәулет-жобалау шеберханалары, жарнама агенттіктері
  • білім беру бағдарламасы бойынша бірінші санатты техник (жобалық ұйымдар, кәсіпорындар)
  • білім беру бағдарламасы бойынша инженер-зертханашы (жобалау ұйымдары, кәсіпорындар);
  • Шығармашылық шеберханалар, жарнамалық агенттіктер, бюро, дизайн студиялары және т. б. жетекші.
Міндетті  тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. ҚР тарихы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Сурет, кескіндеме.
  2. Композиция немесе сызу.
6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы

6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы

Бітіруші  мәдени-тынығу жұмысының бакалавры  академиялық  біліктілігін  алады.
Бітірушілердің кәсіби қызметінің нысаны - мәдениет, өнер мекемелері, шығармашылық орталықтар, әуесқойлық, клубтық бірлестіктер, орта және жоғары мәдени оқу орындары, мектеп және мектептен тыс мекемелер, бұқаралақ ақпарат құралдары болып табылады.
Міндетті  тестілеу пәндері:
  1. Қазақстан тарихы
  2. Оқу сауаттылығы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Орындау шеберлігі
  2. Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері.
6В01413 Музыкалық білім (IP)

6В01413 Музыкалық білім (IP)

Бітіруші музыкалық білім беру бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері  жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда музыка (саз) мұғалімі болып жұмыс істей алады.

Міндетті тестілеу пәндері:

  1. Қазақстан тарихы
  2. Оқу сауаттылығы
  3. Математикалық сауаттылық

2 шығармашылық емтихан:

  1. Орындау шеберлігі
  2. Жалпы музыкалық қабілетін көрсету.
6В02126 Актерлік өнер

6В02126 Актерлік өнер

6В02126 актерлік өнер  білім беру бағдарламасының түлегіне  білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Бітіруші түлек драма театрының актері, театр ұжымдарының жетекшісі, сондай-ақ балалар өнер мектептері мен орта, орта кәсіптік оқу орындарында арнайы пәндер оқытушысы, радио мен теледидардың, концерттік бағдарламалардың дикторы және жүргізушісі ретінде жұмыс істеуге кәсіби түрде дайындалады.

Міндетті тестілеу пәндері:

  1. Қазақстан тарихы
  2. Оқу сауаттылығы
  3. Математикалық сауаттылық

2 шығармашылық емтихан:

  1. Актерлік шеберлік, сахна тілі
  2. Би, вокал
6В01409 Дене шынықтыру және спорт (ІР)

6В01409 Дене шынықтыру және спорт (ІР)

Бітіруші түлек 6B01409 Дене шынықтыру және спорт (IP) бакалавр академиялық дәрежесі біліктілігін алады.
Бітіруші түлек келесі қызметтер атқара алады: мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік білім беру мекемелері (мектепке дейінгі, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беретін, орта білімнен кейінгі оқу орындары), бакалавр спорт мектептері мен клубтары, мемлекеттік мекемелер, дене шынықтыру мен спорттық қызметті басқару ұйымдарында қызмет атқара алады.
 
Міндетті тестілеу пәндері:
1. ҚР тарихы
2. Оқу сауаттылығы

2 шығармашылық емтихан
1. Мамандану бойынша нормативтер
2. Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер
6В01410 Дене шынықтыру, бейімдік дене шынықтыру және спорт

6В01410 Дене шынықтыру, бейімдік дене шынықтыру және спорт

Бітіруші түлек Білім беру бағдарламасы 6B01410 Дене шынықтыру, бейімдік дене шынықтыру және спорт бакалавр академиялық дәрежесі біліктілігін алады.
Кәсіптік қызмет нысандары: мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік білім беру мекемелері (мектепке дейінгі, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беретін, орта білімнен кейінгі оқу орындары),  оңалту және дене шынықтыру мен спорттық қызметті басқару ұйымдарында.

Міндетті тестілеу пәндері:
1. ҚР тарихы
2. Оқу сауаттылығы

2 шығармашылық емтихан
1. Мамандану бойынша нормативтер
2. Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер
6В01412 Көркем білім (ІР)

6В01412 Көркем білім (ІР)

6В01416 Көркем білім (ІР) білім беру бағдарламасының түлегіне  «Көркем білім» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Білім беру бакалаврлары педагогика мамандары мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарға ие бола алады (2018 жылғы 31 қазандағы өзгерістер мен толықтырулармен). Кәсіби қызметтің нысандары болып жалпы орта білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар, мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымдары, бастауыш және арнайы мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады.

Міндетті тестілеу пәндері:
1. Қазақстан тарихы
2. Оқу сауаттылығы
 
2 шығармашылық емтихан
1. Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті)
2. Кескіндеме (натюрморт)
6В02127 Графикалық дизайн

6В02127 Графикалық дизайн

«Графикалық дизайн» білім беру бағдарламасының түлектеріне «өнер бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.    
6В02127 «Графикалық дизайн» білім беру бағдарламасының түлегі: жеке тапсырыс берушілер үшін тапсырыстарды орындау, дизайн-бюрода, жарнама агенттіктерінде, журнал графикасы үшін жекелеген эскиздер әзірлеу, полиграфиялық өнімдер дизайнын жасау, кеңістікті безендіру, жеке брендін құру, жарнамалық өнімдерді өндіру бойынша дизайн-процестерді ұйымдастыру, дүкендердің көрнекі кеңістігін ұйымдастыру, шығарылатын өнімдерді жарнамалық және стилистикалық қолдау бойынша міндеттерді шеше білу, жарнамалық өнімдерді жобалау әдістерін, графикалық модельдеудің практикалық әдістері мен тәсілдерін, өндірістік және технологиялық процесті басқару дағдыларын меңгеру бойынша қызметтерді атқара алады.

Міндетті тестілеу пәндері:
1. Қазақстан тарихы
2. Оқу сауаттылығы
 
2 шығармашылық емтихан:
1. Сурет, кескіндеме
2. Композиция немесе сызу
6В02131 Музыкалық-цифрлық технологиялар

6В02131 Музыкалық-цифрлық технологиялар

6В02131 Музыкалық-цифрлық технологиялар
6В02130 Art dance педагогы

6В02130 Art dance педагогы

6B02130 Аrt dance педагогы білім беру бағдарламасы бойынша бітірген түлектерге өнер бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
6B02130 Аrt dance педагогы білім беру бағдарламасы бакалавры жасайтын қызмет объектісі: балабақшалар, мектептер, студиялар хореографиялық өнер саласындағы педагогикалық қызметтер, хореографиялық шығармашылық орталықтар, театрлар, хореографиялық колледждер, шығармашылық орталықтар, мәдениет сарайлары, клубтар, және т.б.
 
ЖОО-на түсу үшін талапкер міндетті түрде екі пәннен тест тапсырады:
  1. Қазақстан тарихы.
  2. Оқу сауаттылығы.
Екі шығармашылық емтихандар:
  1. Орындау шеберлігі (балаларға арналған 1 би).
  2. Табиғи қабілетті тексеру.
© 2026 Махамбет университеті

Search