ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!


Егер сіз өзіңіздің барлық қабілеттеріңізді ашуға тырыссаңыз, жарқын тұлғаға айналып өмірлік ұстанымыңызды жүзеге асырғыңыз келсе, М.Өтемісов атындағы БҚУ дәл СІЗДІ  күтеді!
Image

М.Өтемісов атындағы БҚУ – бұл ...

  • кадрларды дайындауда 90 жылдық тәжірибе;
  • жоғары білікті оқытушылар мен түлектер;
  • институционалды аккредиттеу және аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар);
  • бакалавриаттың 65 және магистратураның 33 білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлайтын 6 факультет пен 22 кафедра;
  • 8 оқу ғимараты, спорт сарайы, экология және биогеохимия сынақ зертханасы, арнайы жабдықталған оқу бөлмелері;
  • оқу ақысына жеңілдіктер.

  • 1000-нан астам компьютерден тұратын қаладағы ірі компьютерлік кешен;
  • лимитсіз интернетке қол жеткізетін локальды жүйемен біріктірілген робот техникасы зертханасы, мультимедиялық сыныптар;
  • бай ғылыми кітапхана (1 млн. астам кітап сақтау қоры);
  • дүниежүзілік «Index herbariorum» жинағында тіркелген кеппешөп қоры; бес  мұражай: университет тарихы, әскери-тарихи,  археология және этнография, зоология, мәдениет және өнер факультетінің мұражайы.

  • 1000 орындық 3 студенттік жатақхана, 4 типтік спорт зал, 2 ашық спорт алаңы, агробиостанция;
  • ғылыми үйірмелер, байқаулар, республикалық және халықаралық олимпиадалар;
  • шетелдік серіктес оқу орындарымен жүзеге асырылатын қос дипломды оқу бағдарламалары;
  • Европа, Оңтүстік-Шығыс Азия және АҚШ университеттерімен білім беру бағдарламалары бойынша студенттер алмасу (академиялық ұтқырлық).

7 дайындау бағыты

6В01 - Педагогикалық ғылымдар; 6В02 - Өнер және гуманитарлық ғылымдар; 6В03 - Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат; 6В04 - Бизнес, басқару және құқық; 6В05 - Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика; 6В06 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; 6В11 - Қызмет көрсету

Егер сіздің пәндеріңіз:

Биология + География
6B01101 Педагогика және психология

6B01101 Педагогика және психология

Кәсіптік қызмет нысандары:
- меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық типтегі және түрдегі мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың ұйымдастыру;
- меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі және түрдегі орта білім беруді ұйымдастыру;
- техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру.
- орта кәсіптік мектептерде (колледждер, мектептер);
- арнайы түзету ұйымдарында (мектеп-интернаттар, физикалық немесе ақыл-ой дамуындағы мүгедек балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар);
- білім бөлімдерінде;
- ғылыми ұйымдарда (институттарда);
- мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде (біліктілікті арттыру институттары, баспалар);
- психологиялық кеңес  беру орталықтарында, оқу орындарында (лаборант, кеңсе меңгерушісі, консультант, менеджер және т.б.) және т.б.
Бейіндік пәндері: биология + география
6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6B01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Бітіруші мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші, педагогикалық колледж оқытушысы, білім беру басқармасында бас маман, педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру институттарында мектепке дейінгі тәрбиелеу бойынша маман болып жұмыс жасай алады.
Бейіндік пәндері: биология + география
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Бітіруші бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бакалавры  біліктілігін алады. Төмендегідей кәсіптік қызмет түрлерін атқара алады: бастауыш мектеп мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары, шағын комплектілі мектепте тіл, математика, қоршаған әлем, сурет, музыка мұғалімі, мектепалды даярлық топ тәрбиешісі жұмыстарын істей алады.
Бейіндік пәндері: биология + география
6B01802 Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент

6B01802 Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент

Кәсіптік қызмет нысандары:
  • мемлекеттік құрылымдар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, балалардың құқығын қорғау жөніндегі аймақтық департаменттер), әлеуметтік институттар (әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыссыздарға, табысы аз, мүгедектерге, шектеулі еңбекке қабілетті адамдарға көмек және қолдау органдары); әлеуметтік бағыттағы мекемелерде (әлеуметтік қамтамасыз ету органдарында, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілген, жұмысқа жарамсыз адамдарды қолдау және көмек көрсету органдарында);
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудың білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, мамандандырылған оқу орындары);
  • қоғамдық ортадағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту проблемаларына байланысты мекемелер (түзету және оңалту орталықтары, арнайы мектептер, балалар қабылдау пункттері, колониялар);
  • балалардың бос уақытын ұйымдастыруға және балалардың шығармашылығын қолдауға, жас ұрпақты толық әлеуметтендіруге және тұлғалық дамуына байланысты мекемелер (қоғамдық ұйымдар, балалар клубтары, студиялар, сауықтыру лагерлері).
Бейіндік пәндері: биология + география
6B05201 Экология

6B05201 Экология

Бітіруші түлектер 6В05201 Экология білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры академиялық дәрежесін алады.
Кәсіби қызмет жасау салалары:
  • өндірістік бақылау;
  • басқару органдарда;
  • ғылыми-зерттеу орталықтарында;
  • білім беру саласында;
  • экологиялық жобалау;
  • мониторингтік экологиялық қызмет;
  • қоршаған ортаның сапасын бақылау.
Бейіндік пәндері: биология+география
6В01203 Мектепке дейінгі оқыту (IP)

6В01203 Мектепке дейінгі оқыту (IP)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешісі, колледж мұғалімі, білім басқармасының бас маманы, педагогикалық кадрларды жетілдіру институттарында мектепке дейінгі тәрбие бойынша маман болып жұмыс істей алады.

Бейіндік пәндер: биология + география
6B01303 Бастауышта оқыту (IP)

6B01303 Бастауышта оқыту (IP)

Түлек педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі бакалавры біліктілігін алады, келесі қызмет түрлерін орындай алады: бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тіл, математика, қоршаған әлем, сурет, музыка мұғалімі, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.

Бейіндік пәндер: биология + география
6В03105 Психология

6В03105 Психология

Академиялық дәрежесі: 6В03105  психология білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызметтің объектілері:

  • мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялар;
  • мамандандырылған оқу және оқу орындары; мектептер мен колледждер; ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар;
  • спорттық және шығармашылық ұйымдар; денсаулық сақтау мекемелері; кәсіптік бағдар беру және кәсіптік оқыту орталықтары;
  • қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, халықты жұмыспен қамту орталықтары;
  • қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталықтары;
  • өндірістік кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдар;
  • құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық мекемелер;
  • педагогикалық қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталықтары;
  • қарым-қатынас процестері (тұлғааралық деңгейден макро әлеуметтік деңгейге дейін) және адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың, адам мен техниканың өзара әрекеттесуінің психологиялық мәселелері.
Бейіндік пәндер: биология + география
6В01803 Әлеуметтік педагогика (ІР)

6В01803 Әлеуметтік педагогика (ІР)

6В01803 Әлеуметтік педагогика (ІР)
Математика + Физика
6В01501 Математика

6В01501 Математика

Бітіруші математика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады.
Бұл білім беру бағдарламасының мақсаты – математика мұғалімі ретінде жұмыс істеуге дайындалған, математикалық стандартты емес олимпиада есептерін шығару шеберлігі жоғары; ақпаратты коммуникация технологияларын оқыту барысында қолдана алатын; педагогикалық және ғылыми магистратураға біліктілігін бағыттайтын; педагогикалық процесті қазіргі ғылыми деңгейде ұйымдастыру; инновациялық әдістерді қолдана отырып мектеп курсын оқыту, оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру.
Бітірушінің кәсіби қызметінің нысаны – орта мектептер және арнаулы орта оқу орындары, лицейлер, гимназиялар, мектептен тыс жұмыс орталықтары.
Бейіндік пәндері:  математика + физика
6B01502 Математика - Физика

6B01502 Математика - Физика

Бітіруші математика – физика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады.
Бұл білім беру бағдарламасының мақсаты келесі бағыттар бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, жоғары білікті математика және физика мұғалімін даярлау болып табылады:
   - оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру;
   - математика және физика саласындағы жүйеленген білімді қалыптастыру;
   - қазіргі ғылыми деңгейде математика мен физикадағы педагогикалық процесті ұйымдастыру;
   - инновациялық әдістерді қолдана отырып, математика мен физика бойынша мектеп курсын оқыту;
   - ғылыми зерттеулерді, жобалық жұмыстарды жүзеге асыру.
Бітірушінің кәсіби қызметінің нысаны – орта мектептер және арнаулы орта оқу орындары, лицейлер, гимназиялар, мектептен тыс жұмыс орталықтары.
Бейіндік пәндері:  математика + физика
6B01503 Математика - Информатика

6B01503 Математика - Информатика

Бітіруші математика – информатика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады.
Бұл білім беру бағдарламасының мақсаты – математика және информатика мұғалімі ретінде жұмыс істеуге дайындалған; осы салада жүйеленген білімді қалыптастыруда кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті; заманауи формациядағы мамандарды даярлау; педагогикалық процесті қазіргі ғылыми деңгейде ұйымдастыру; педагогикалық магистратураға біліктілігін бағыттайтын; инновациялық әдістерді қолдана отырып мектеп курсын оқыту: оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру.
Бітірушінің кәсіби қызметінің нысаны – орта мектептер және арнаулы орта оқу орындары, лицейлер, гимназиялар, мектептен тыс жұмыс орталықтары.
Бейіндік пәндері:  математика + физика
6В01504 Физика

6В01504 Физика

6В01504 «Физика» білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне әдістемелік және психологиялық тұрғыдан дайын:

- дүниетанымы кең, ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану, әлеуметтік ғылымдар, гуманитарлық және экономикалық пәндер бойынша іргелі білімді меңгеруі;

- Физика саласындағы есептерді құрастырып, практикалық түрде шеше алады, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана алады;

- ғылыми-зерттеу іс-әрекеті, әдістемелік эксперименттер жүргізу дағдыларын меңгереді;

- оқу-танымдық процестің сапасын қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер мен технологияларды (мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау және т.б.) қолданады;

- іргелі ғылыми және кәсіптік даярлығы бар, заманауи ақпараттық технологияларды, оның ішінде ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін меңгерген;

- жобалық іс-әрекеттің заманауи білім беру технологиясын меңгереді және оны құзыреттілік көзқарас және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытуда қолдана алады;

- Заманауи ғылыми-тәжірибелік мәселелерді тұжырымдап, шеше алады, ғылыми-зерттеу/эксперименттік зерттеу қызметін жоспарлау және жүргізу, ғылыми-зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыру;

- физиканы оқытудағы көптілділік мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін базалық дайындығы бар;

- Ұйымдастыру және инклюзивті білім беру туралы негізгі білімге ие.

Бейіндік пәндері: физика + математика

6B01505 Физика-Информатика

6B01505 Физика-Информатика

6В01505 Физика-Информатика білім бағдарламасын бітіруші түлек «Физика – информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады.

Бітірушінің кәсіби қызметінің нысаны – орта мектептер және арнаулы орта оқу орындары, лицейлер, гимназиялар, мектептен тыс жұмыс орталықтары.
Бейіндік пәндері: физика + математика
6B01536 Физика (IP)

6B01536 Физика (IP)

Бітіруші түлекке 6В01536 физика (IP) білім беру бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бітірушінің кәсіби қызметінің нысаны: педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарды атқара алады.

Бейіндік пәндер: физика + математика
6В01520 Математика (ІР)

6В01520 Математика (ІР)

6В01520 Математика (ІР)
Математика + Информатика
6B01506 Информатика

6B01506 Информатика

Бітірушіге 6В01506 Информатика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

6В01506 Информатика білім беру бағдарламасын бітірушілер орта білім мекемелерінің барлық типтері мен түрлеріне информатика пәнінің мұғалімі ретінде; техникалық және кәсіптік  мекемелерде жұмыс жасай алады.
Бейіндік пәндер: математика + информатика
6B06102 Ақпараттық жүйелер

6B06102 Ақпараттық жүйелер

Бітірушіге 6B06102 Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Білім беру бағдарламасының мақсаты- ақпаратты өңдеудің тиімділігі жоғары әдістерге және жоғары білімді мамандардың сапасына деген заманауи талаптарға жауап беретін практикалық дағдылар мен көсбасшылық қасиеттерге ие, алған білімдерін ақпараттық жүйе саласында қолдана алатын білікті ІТ-мамандарын дайындау.
Бітірушінің кәсіби қызметінің саласы: әр түрлі ақпараттық жүйелерді жасайтын, іске қосатын және қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар, атап айтсақ машина құру, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әртүрлі техникалармен басқару салалары.
Бейіндік пәндер: математика + информатика
6B06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

6B06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Бітірушінің академиялық дәрежесі: 6B06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасы бойынша бакалавры.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - заманауи IT технологиялары, автоматика, электр схемасы және робототехника саласындағы мемлекеттік органдардың компьютерлік және ақпараттық қызметтерінде жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті бағдарламашылар мен мамандарды даярлау.
Бітірушінің кәсіби қызметінің саласы: әр түрлі ақпараттық жүйелерді жасайтын, іске қосатын және қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар, атап айтсақ машина құру, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әртүрлі техникалармен басқару салалары.
Бейіндік пәндер: математика + информатика
6B01518 Информатика және робототехника

6B01518 Информатика және робототехника

Информатика және робототехника саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға, жоғары бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау.

Түлекке 6В01518 Информатика және робототехника білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Білім бакалаврлары білім беру қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдардың лауазымдарының Типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарды атқара алады.

      6В01518 Информатика және робототехника білім беру бағдарламасының түлегі күтілетін нәтижелерге негізделген орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес әр түрлі кәсіби міндеттерді шеше алады:

  • кәсіптік қызмет объектілеріне сәйкес оқу орындарында информатикадан сабақ береді;
  • педагогикалық және білім беру қызметін, оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырады;
  • информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізеді, студенттерді әлеуметтік құндылықтар жүйесімен таныстырады;
  • ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің, әдістемелік эксперименттер жүргізудің дағдыларын иеленеді, оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етеді, студенттердің білім беру мазмұнын игеру деңгейін зерттейді, білім беру ортасын зерттейді;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде инклюзивті және сараланған тәсілдерді қолданады;
  • кәсіби қоғамдастықпен және білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттеседі –
  • көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік қабілеттерге ие, жаһандық сын-қатерлерге бейім.
Бейіндік пәндері: математика + информатика
6В01517 Информатика (ІР)

6В01517 Информатика (ІР)

6В01517 Информатика (ІР)
Қазақ тілі + Қазақ әдебиеті
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша “білім бакалавры” академиялық дәрежесі беріледі.
Бітіруші түлек келесі қызметтер атқара алады:
- жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
- ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер;
- әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында ұйымдастырушы;
- мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде маман, әдеби кеңесші.
Бейіндік пәндері: қазақ тілі +  қазақ әдебиеті
6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

6В01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеріп, қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 6В01702  Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша “білім бакалавры” академиялық дәрежесі беріледі.
Бітіруші түлек келесі қызметтерді жасай алады:
-  қазақ тілінде оқытпайтын білім беру мекемелерінің (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
- мектепте факультативтік сабақ ұйымдастырушы;
- ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер;
- мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында ұйымдастырушылық, басшылық қызметтер, аудармашы.
Бейіндік пәндері: қазақ тілі +  қазақ әдебиеті
6B01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі

6B01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі

Бұл білім беру бағдарламасы бойынша студенттер қазақ тілі, әдебиетімен қатар шет тілінің А1 деңгейінен С1 деңгейіне дейін және шетел тілін оқыту әдістемесі, әлем әдебиеті курстарын игеріп шығады. Осы білім беру бағдарламасын аяқтаған студент негізгі және орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, әлем әдебиеті пәндерінен сабақ бере алады.
Бейіндік пәндері: қазақ тілі +  қазақ әдебиеті
6B02301 Филология: қазақ филологиясы

6B02301 Филология: қазақ филологиясы

6В02301 Филология: қазақ филологиясы білім беру бағдарламасы бойынша оқу бітірушіге 6В02301 Филология: қазақ филологиясы білім беру бағдарламасы бойынша филология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Аталған білім беру бағдарламасын бітіруші түлек келесі қызметтерді орындайды:
- лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология салаларында зерттеулер жүргізу;
- баспа өнімдерін редакциялайды, түзетеді;
- ресми-іскерлік құжаттарды дайындайды;
- мәдениет саласында ағартушылық жұмыстар жүргізеді;
- ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асырады;
- білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында филологиялық білімді қажет ететін кәсіптік қызметтерді жүзеге асырады.
Бейіндік пәндері: қазақ тілі + қазақ  әдебиеті
6B03201 Кітапхана ісі

6B03201 Кітапхана ісі

Бітіруші  кітапханатану  және  библиография  бакалавры  академиялық  біліктілігін  алады.
Кітапханатану  және  библиография  маманның  кәсіби  қызметі   нысандары: Республикалық,  облыстық  және  басқада  кітапханалардың  кітапханашысы, библиографы,  әдіскері, ақпаратшы-хабаршысы, кітапхана  секторының  меңгерушісі, құжаттанушы, кітапхана- ақпараттық  профильдегі  ғылыми-зерттеу  институтының  ғылыми  қызметкері, мәдени-ағарту, кітапхана  колледждерінің  оқытушылары.
Бейіндік  пәндері : қазақ тілі + қазақ әдебиеті
6В01715 Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР)

6В01715 Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР)

6В01715 Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР)
6В02304 Филология: қазақ тілі және түрік тілі

6В02304 Филология: қазақ тілі және түрік тілі

6В02304 Филология: қазақ тілі және түрік тілі
География + Дүниежүзі тарихы
6В01510 География

6В01510 География

Бітірушіге География білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесін алады. Біліктілігі - география мұғалімі.
Кәсіби қызмет саласы:
- білім беру мекемелерінде география пәнінің мұғалімі;
- ғылыми-зерттеу қызметкерлері: бейіндік пәндер бойынша әртүрлі ұйымдарда ғылыми зерттеулерді орындау (география, геология, картография, гидрология, туризм және т.б.)
- жобалау, конструкторлық, жобалау  ұйымдарында жалпы және мамандандырылған жобаларды орындау;
- сараптамалық қызмет;
- ұйымдастырушылық - технологиялық қызмет.
Бейіндік пәндері: география + дүниежүзі тарихы
6B01512 География-Тарих

6B01512 География-Тарих

Бітірушіге География-Тарих білім бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесін алады. Біліктілігі – география және тарих мұғалімі.
Кәсіби қызмет саласы:
- білім (орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде география және тарих пәнінің мұғалімі);
- ғылыми-зерттеу: бейіндік пәндер бойынша әртүрлі ұйымдарда ғылыми зерттеулерді орындау (география, картография, гидрология, тарихи, археология және т.б.)
- жобалау, конструкторлық, жобалау  ұйымдарында жалпы және мамандандырылған жобаларды орындау;
- сараптамалық қызмет;
- ұйымдастырушылық – технологиялық қызмет.
Бейіндік пәндері: география + дүниежүзі тарихы
6B01601 Тарих

6B01601 Тарих

Академиялық дәрежесі:  Тарих білім  бағдарламасы  бойынша білім бакалавры
Кәсіби қызмет түрлері: 
- білім беру саласында (педагогикалық):  жалпы орта білім беру мекемелерінде, орта кәсіптік орындарында мұғалім (оқытушы)  ретінде;
- тәрбиелік:  қосымша білімі бар оқытушы-әдіскер,  бөлім басқарушысы және мекемелерде мектептен тыс білім беру,  академиялық институттарда және жоғары оқу орындарында кіші ғылыми қызметкерлер,  аға ғылыми қызметкерлер болу;
- жобалау:  оқулықтардың редакторлары болып жоба институттарында және мекемелерінде кеңесші ретінде.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Жалпы және арнайы мамандандырылған мектептер,  лицейлер,  колледждер,  техникумдар,  гимназиялар және басқа да орта арнайы оқу орындары,  мемлекеттік мекемелер,  мұражайлар,  мұрағаттар,  ғылыми зерттеу институттары,  баспалар,  кітапханалар,  педагогикалық,  тарихи білім беру кабинеттері және білім беру мекемелері.
Бейіндік пәндері: дүниежүзі тарихы + география
6В02202 Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану

6В02202 Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану

Мақсаты: терең теориялық білім мен құзыреттілікті меңгерген, ғылыми, эксперименттік-лабораториялық (музей, архив саласында), оқытушылық және әкімшілік-басқарушылық қызметке дайын білікті тарихшы және іс-жүргізуші мамандарын даярлау.
«Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану»  білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметін келесі салаларда жүзеге асырады:
  • Археология және этнология салалары бойынша қызметкер;
  • мұражай қызметкері;
  • экскурсия жүргізуші және жетекшісі;
  • мұрағат қызметкері;
  • талдау және есепке алу бойынша кітаптар мен құжаттар қорын сақтаушы;
  • Құжаттама мен іс-жүргізуші;
  • Мұрағат және мұражай саласында салалық және салааралық жобаларды дайындау, нормативтік-әдістемелік, ұйым қызметін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ғылыми-әдістемелік кабинет әдіскері;
  • электрондық құжаттарды басқарудың әдістемелік және технологиялық аспектілерін әзірлеу, цифрлық мәліметтер базасын және архив саласының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрастырушы маман;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тарих пәнінен оқытушы, әдіскері (колледж, училищелер);
  • Ғылыми-зерттеу институттары ғылыми қызметкері;
  • Кәсіби біліктілікті арттыру институтында тарихшы-әдіскер.
Бейіндік пәндері: дүниежүзі тарихы + география
6В01519 География (ІР)

6В01519 География (ІР)

6В01519 География (ІР)
6В01602 Тарих-қоғамтану (ІР)

6В01602 Тарих-қоғамтану (ІР)

6В01602 Тарих-қоғамтану (ІР)
Дүниежүзі тарихы + Құқық негіздері
6В04202 Құқықтану

6В04202 Құқықтану

Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша бітірген түлекке 6В04201 «Құқықтану» білім беру бағдарламасының бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бакалаврлар келесідей лауазымдарды атқара алады:
Кәсіби қызмет саласы:
  • Мемлекеттің жеке және заңды түлғалардың құқық саласында туындайтын заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қорғау, қамтамасыз ету, кепілдік беру.
Кәсіби қызмет нысандары:
  • Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны құқық қорғау органдары, мемлекет билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілетті органдары, мемлекет және мемлекеттік емес кәсіпорындар, адвокатура, банкілер, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, білім беру ұйымдары бола алады.
Бейіндік пәндері: дүниежүзі тарихы + құқық негіздері
6В04203 Құқық қорғау қызметі

6В04203 Құқық қорғау қызметі

Түлектер келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:
- Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкері;
- квазимемлекеттік сектор қызметкері;
- коммерциялық ұйымдарда заңгер;
- заң консультанты;
- медиатор;
- адвокаттың көмекшісі;
- нотариустың көмекшісі;
- сот орындаушысының көмекшісі;
- іс жүргізуші;
- мұрағатшы.
Бейіндік пәндері: дүниежүзі  тарихы+құқық негіздері
6В04204 Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу

6В04204 Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу

Мамандық түлектері көптеген салаларда бәсекеге қабілетті мамандар болып табылады, өйткені бұл білім беру бағдарламасы кең қолданысқа ие
"Кәсіпкерлік қызметті құқықтық қамтамасыз ету" білім беру бағдарламасының түлегі:
  • Корпоративтік заңгер;
  • Заң бөлімінің бастығы;
  • Отандық немесе халықаралық ұйымның заң бөлімінің бастығы және қызметкері;
  • Халықаралық заңгер.
  • Мемлекеттік қызмет органдарында заңгер (кеден органдары);
  • Мемлекеттік сатып алу саласындағы маман;
  • Тауар, қор және валюта биржаларында заңгер;
  • Инвестициялық компаниялард азаңгер;
  • Сақтандыру компанияларындағы заңгер;
  • Консалтингтік және аудиторлық фирмаларды заңды сүйемелдеу;
  • Банктік және қаржылық-несиелік операциялар мен мекемелерді заңды сүйемелдеу;
  • Дилерлік және брокерлік компанияларды заңды сүйемелдеу;
  • ҚР Салық қызметі органдарында заңгер;
  • Инвестициялық, трасттық, мүліктік және зейнетақы қорларындағы заңгер;
  • Статистика органдарында заңгер;
  • Ауылшаруашылық кәсіпорындарының заңгерлері болып жұмыс жасай алады.
Бейіндік пәндері: дүниежүзі  тарихы+құқық негіздері
Биология + Химия
6B01507 Химия

6B01507 Химия

6В01507  Химия  білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврлары келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • білім беру;
  • эксперименттік-зерттеу;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • оқу-тәрбие;
  • оқу-технологиялық.

Химия білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің функциялары:

  • педагогикалық;
  • тәрбие;
  • зерттеу;
  • ұйымдастыру-технологиялық болып табылады.

Химия білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері:

  • орта негізгі және бейіндік мектеп, мамандандырылған мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады.
Бейіндік пәндері: химия + биология
6B01508 Химия-Биология

6B01508 Химия-Биология

6В01508  Химия-Биология  білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврлары келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • білім беру;
  • эксперименттік-зерттеу;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • оқу-тәрбие;
  • оқу-технологиялық.

Химия білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің функциялары:

  • педагогикалық;
  • тәрбие;
  • зерттеу;
  • ұйымдастыру-технологиялық болып табылады.

"Химия-Биология" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары:

  • орта негізгі және бейіндік мектеп, мамандандырылған мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады.
Бейіндік пәндері: химия + биология
6B01509 Биология

6B01509 Биология

6B01509  Биология білім беру бағдарламасын бітіруші түлек  «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бакалавры академиялық дәрежесін алады.

Биолог маманның кәсіби қызметі:

  • білім беру саласында (орта мектеп, лицей, гимназия, колледжде биология пәнінің мұғалімі);
  • ұйымдастыру-басқару саласында (білім беру, әкімшілік, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру т.б. мекемелерде);
  • ғылыми-зерттеу саласында (биология саласы бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер ретінде);
  • өндірістік-басқару саласында (биология саласы бойынша өндірістерде маман ретінде).
Бейіндік пәндері: биология+химия
6B01526 Биология - География

6B01526 Биология - География

6В01526 Биология – География білім беру бағдарламасын бітіруші түлек «Биология-география» білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бакалавры академиялық дәрежесін алады.

Биология-география маманның кәсіби қызметі:

  • білім беру саласында (орта мектеп, лицей, гимназия, колледжде биология және география пәнінің мұғалімі);
  • ұйымдастыру-басқару саласында (білім беру, әкімшілік, туризм орталықтары, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру, ландшафтық жоспарлау т.б. мекемелерде);
  • ғылыми-зерттеу саласында (жаратылыстану саласы бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер ретінде);
  • өндірістік-басқару саласында (биология және география саласы бойынша өндірістерде маман ретінде).
Бейіндік пәндері: биология+химия
6B05301 Химия

6B05301 Химия

Түлектерге «Химия»  білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

"Химия" білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры нарық және мемлекеттің мамандарға деген қажеттілігін ескере отырып, келесі қызметтерде жұмыс істей алады:

  • химик;
  • инженер-химик;
  • химия оқытушысы;
  • маман.

"Химия" білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

  • химия салалары;
  • металлургия;
  • мұнай-химия;
  • фармацевтикалық өнеркәсіп;
  • білім беру саласы;
  • ғылым және экология мамандары болады.

"Химия" білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің объектілері:

  • талдау, кеден, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификаттау қызметтерінің өндірістік зертханалары;
  • химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары (институт, зертханалар) ;
  • орта жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер, гимназиялар, білім бөлімдері болып табылады.
Бейіндік пәндері: химия+биология
6В01534 Химия (IP)

6В01534 Химия (IP)

Оқытудың нәтижесі: қоршаған орта шынайылығын   қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде, эксперименттік зерттеулер мен ғылыми, зертханалық және оқу-әдістемелік сипаттағы әртүрлі тәжірибеге бағытталған тапсырмалардың нәтижелерін талдау және бағалау кезінде пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру, білім алушының педагогикалық зерттеулерде,  оқу үрдісіндегі білім алу, күнделікті кәсіптік іс-әрекетке және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті сабақтас ғылымдар бойынша білімдерін синтездеу.

Бейіндік пәндер: химия + биология
6B01533 Биология (IP)

6B01533 Биология (IP)

6В01533 Биология (ІР) білім беру бағдарламасы инновациялық технологияларды, кәсіби қызметте пайдалануға қабілетті, білікті биология мұғалімін даярлауға бағытталған. Кәсіби қызмет саласы:

  • білім беру саласында (орта мектеп, лицей, гимназия, колледжде биология пәнінің мұғалімі);
  • ұйымдастыру-басқару саласында (білім беру, әкімшілік, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру т.б. мекемелерде);
  • ғылыми-зерттеу саласында (биология саласы бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер ретінде);
  • өндірістік-басқару саласында (биология саласы бойынша өндірістерде маман ретінде).

Бейіндік пәндер: биология+химия

6В01532 Биология – Психология

6В01532 Биология – Психология

6В01532 Биология – Психология білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бакалавры академиялық дәрежесін алады.
Кәсіби қызмет саласы:
Биология бойынша: білім беру саласында (орта мектеп, лицей, гимназия, колледжде биология пәнінің мұғаліміретінде); ұйымдастыру-басқару саласында (білім беру, әкімшілік, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру т.б. мекемелерде); ғылыми-зерттеу саласында (биология саласы бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер ретінде); өндірістік-басқару саласында (биология саласы бойынша өндірістерде маман ретінде).
Психология бойынша: білім беру саласында (мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялар, мамандандырылған оқу және оқу орындары, мектептер мен колледждер, балаларды дамыту орталықтары); ұйымдастыру-басқару саласында (спорттық және шығармашылық ұйымдар,  денсаулық сақтау мекемелері, кәсіптік бағдар беру және кәсіптік оқыту орталықтары, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, халықты жұмыспен қамту орталықтары, қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталықтары); ғылыми-зерттеу саласында (ғылыми-зерттеуинституттары мен ғылымиорталықтар);
Бейіндік пәндер: биология+химия
6B01535 Жаратылыстану (IP)

6B01535 Жаратылыстану (IP)

Академиялық дәрежесі: 6В01535 жаратылыстану (ІР) білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Бітіруші түлек жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда;   

  • STEM саласында таңдау бойынша курстарды,
  • STEM-орталықтарын,
  • STEM-зертханаларын,
  • STEM-жобаларын басқаратын болады.
Бейіндік пәндер: биология + химия
Математика + География
6B03101 Әлеуметтану

6B03101 Әлеуметтану

6B03101 Әлеуметтану  білім беру бағдарламасы  бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, ғылыми білім, білім, өндірістің, менеджменттің және саясаттың барлық салаларында  әлеуметтанулық сүйемелдеу арқылы қызметін жүзеге асырады:
- қоғамның өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
- қоғам дамуының социологиялық көрінісі және әлеуметтік жүйелерді ғылыми зерттеу;
- қоғамдағы әлеуметтік топтардың ынтымақтастығы мен ынтымақтастығын зерттеу әдіснамасын жетілдіру;
- мемлекеттік жүйелердегі, қоғамдық ұйымдардағы, коммерциялық құрылымдардағы қызметтерді басқару;
6B03101 Әлеуметтану  білім беру бағдарламасы  бойынша білім бакалаврының кәсіптік қызмет нысандары: мемлекеттік органдар, республикалық және аймақтық мемлекеттік билік пен басқару органдары - кіші және көмекші персонал ретінде; орта және кәсіптік мектептер; ғылыми-зерттеу ұйымдары; кеңес беру қызметтері, адам мен қоғамның өзара әрекеттесу проблемаларын зерттейтін әлеуметтік институттар.
Осы білім беру  бағдарламасының түлегіне «әлеуметтану бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Білім беру бакалаврлары біліктілігі жоғары деңгейлі маман ретінде санатсыз еңбек өтілі бойынша талаптарды ұсынбай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген оқытушылар мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келесі лауазымдарды иелене алады:
- ҒЗИ-да, ҒА-ның әлеуметтанушы-зерттеушісі, ғылыми-зерттеу орталықтарында әлеуметтанушы-практик;
-  ірі фирмалардың әлеуметтанушы-кеңесшісі, өндірістік, жеке және консалтингтік компаниялардағы маркетолог;
-  білім беру ұйымдарындағы әлеуметтанушы, орта мектептердегі әлеуметтік  пәндер оқытушысы;
-  еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы;
-  маман, әкімдіктердің әлеуметтік бөлімдерінің жетекшісі;
- әкімдіктердегі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлімдеріндегі әлеуметтік қызметкер;
- әлеуметтік қызмет жетекшісі;
- демография және көші-қон бөлімдеріндегі демограф;
-  әлеуметтік бағытталған үкіметтік емес ұйымдардағы әлеуметтік қызметкер
Бейіндік пәндері: математика + география
6B04102 Экономикалық қауіпсіздік

6B04102 Экономикалық қауіпсіздік

Экономиканың жаһандануы жағдайында мемлекет пен бизнестің экономикалық қауіпсіздігі мәселелерін шешуде жүйелі тәсілді іске асыратын, өз қызметінің кәсіби салаларын дамытудың сипаты мен бағытына конструктивті ықпал ете алатын және серпінді өзгеретін кәсіби және әлеуметтік қызмет жағдайларына тиімді бейімделе алатын, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару қызметінің дағдыларын меңгерген, көшбасшылық қасиеттерге ие және өзін-өзі қалыптастыруға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын экономикалық қауіпсіздік жөніндегі менеджерлерді даярлау.
Бітіруші түлекке экономикалық қауіпсіздік білім беру бағдарламасы бойынша бизнес, басқару және құқық бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Экономикалық қауіпсіздік білім беру бағдарламасы бойынша бизнес, басқару және құқық бакалавры  экономикалық қауіпсіздік бойынша жетекші маман, бухгалтер, экономист, қаржы талдаушысы, аудитор немесе ревизор, сот сарапшысы, кеңесші қызметтерін атқара алады: республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржы және сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер жанындағы қаржы басқармалары мен бөлімдері, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметтерінде.
Бейіндік пәндері: математика + география
6В04108 Экономика және менеджмент

6В04108 Экономика және менеджмент

6В04108 Экономика және менеджмент  білім беру бағдарламасының мақсаты экономиканы цифрландыру жағдайында еңбек нарығында сұранысқа ие, экономиканың жұмыс істеуі мен бизнесті жүргізудің инновациялық технологияларына еркін бағдарланған, негізгі кәсіби қабілеттерін іске асыруға жоғары дайындық деңгейіне ие, өз қызметінің кәсіби салаларын дамытудың сипаты мен бағытына сындарлы әсер ететін және микро және  макро деңгейде ұйымдастырушылық және басқарушылық қызмет дағдыларын меңгерген экономист – менеджерлерді даярлау болып табылады.
Бітіруші түлекке 6В04101 Экономика және менеджмент білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару академиялық дәрежесі беріледі.
6В04108 Экономика және менеджмент білім беру бағдарламасы бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары: қызмет түріне, меншік нысанына, қатысушылар санатына (ҚР резиденттері және бейрезиденттері) қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдау қызметтері, республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар; ғылыми-зерттеу институттары, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білімнің білім беру мекемелері болып табылады.
Бейіндік пәндері: математика + география
6B04106 Мемлекеттік және жергілікті басқару

6B04106 Мемлекеттік және жергілікті басқару

6В04106  Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының мақсаты мемлекеттік және жергілікті басқару саласында жұмыс істейтін болашақ маманға қажетті кәсіби білімді, іскерлікті, дағдыларды және жеке қасиеттерді қалыптастыру мен дамыту негізінде мемлекеттік және жергілікті басқару саласында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бітіруші 6В04106  Мемлекеттік және жергілікті басқару бағдарламасы бойынша бизнес және басқару академиялық дәрежесі беріледі. Мемлекеттік  басқарудың орталық және жергілікті органдарында, Президент Әкімшілігінің құрылымында, Министрліктер мен ведомстваларда, агенттіктерде, әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктерде, мемлекеттік экономика секторының фирмалары мен корпорацияларында экономист немесе менеджер болып жұмыс істей алады.
Бейіндік пәндері: математика + география
6В04111 Есеп және аудит

6В04111 Есеп және аудит

Заманауи кәсіби құзыреттілікке ие, серпінді өзгермелі кәсіби және әлеуметтік қызмет жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару қызметінің дағдыларын меңгерген, көшбасшылық қасиеттерге ие және өзін-өзі қалыпастырумен өзін-өзі жетілдіругеұмтылған кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды дайындау.
Осы білім беру бағдарламасының түлегіне "Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.
Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры бас бухгалтер, аға бухгалтер, аға экономист, аға қаржыгер, коммерциялық менеджер, қаржылық талдаушы, аудитор немесе ревизор, кеңесші қызметтерін атқара алады: республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржылық және сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201ө-м бұйрығымен бекітілген басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер жанындағы қаржы басқармалары мен бөлімдері, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметтерінде.
Бейіндік пәндері: математика + география
6B04105 Қаржы

6B04105 Қаржы

Заманауи кәсіби құзыреттілікке ие, серпінді өзгеретін кәсіби және әлеуметтік қызмет жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, негізгі кәсіби функцияларды іске асыруға жоғары дайындық деңгейіне ие, өз қызметінің кәсіби салаларының даму сипаты мен бағытына конструктивті ықпал ете алатын, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару қызметінің дағдыларын меңгерген, көшбасшылық қасиеттерге ие және өзін-өзі қалыпастыру мен өзін-өзі жетілдіругеұмтылатын қаржы менеджерлері мен талдаушыларды дайындау.
Осы білім беру бағдарламасының түлегіне "Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.  
Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры өзінің кәсіби қызметін қаржыны ұйымдастырумен, жоспарлаумен, реттеумен, бақылаумен және басқарумен, қаржы, ақша - несие институттарымен, сақтандыру, зейнетақы, инвестициялық компаниялармен байланысты сондай-ақ ұлттық экономиканың барлық салалары мен буындарында зерттеу, инновациялық, жобалық, кеңес беру, талдау қызметін, жалпы білім беру және орта білім беру ұйымдарында білім беру (педагогикалық) арнайы мекемелерінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201ө-м бұйрығымен бекітілген басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы бөлімдерінде қызметін жүзеге асырады.
Бейіндік пәндері: математика+география
6B04114 Маркетинг және бизнес

6B04114 Маркетинг және бизнес

6В04107  Маркетинг және бизнес еңбек нарығында білім беру бағдарламасының мақсаты: маркетинг және бизнес саласында бәсекеге қабілетті білім деңгейіне, заманауи маркетинг және бизнес саласында кәсіби дағдыларға ие, ұйымның тиімді маркетингтік қызметін жүзеге асыру үшін нарықтың жаңа жағдайларына бейімделуге қабілетті жоғары кәсіби мамандарды даярлау болып табылады.
Осы білім беру бағдарламасының түлегіне білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
6В04107 Маркетинг және бизнес білім беру бағдарламасының түлектері компанияның нарықтағы жұмысын қамтитын барлық салаларда жұмыс істей алады, соның ішінде жарнама, клиенттерді тарту, сату, мәмілелерді орындау және сату қызметі.
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері нарықтар (тауарлық, қорлық, ақпараттық) болып табылады; және т. б.), шаруашылық жүргізуші субъектілердің маркетингтік мүмкіндіктері, маркетингтік зерттеулер, тұтынушылар, жеткізушілер, делдалдар, байланыс аудиториялары, бәсекелестер, өндірістік және тұтынушылық мақсаттағы тауарлар, қызметтер, жылжыту элементтері (жарнама, қоғаммен байланыс, жеке байланыстар, өткізуді ынталандыру);мемлекеттік мекемелер, қызмет көрсету кәсіпорындары (қонақ үйлер, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, туристік фирмалар, экскурсиялық бюролар), өндірістік және делдалдық кәсіпорындар, халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, Көлік және коммуникациялар, қойма, саяси білім, қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар мен қоғамдар.
Бейіндік пәндері:  математика + география
6В05204 География

6В05204 География

Бітірушіге География бойынша «жаратылыстану бакалавры»  академиялық дәрежесі беріледі.
Кәсіби қызмет саласы:
- ғылыми зерттеу мекемелері және географиялық жобалар;
- өндіріс саласының қызметі;
- экологиялық-географиялық мониторинг қызметі;
- білім беру саласы мен туристік қызмет көрсету саласы;
- табиғи орта және адам денсаулығының сапасын бақылау.
Бейіндік пәндері:  математика + география
6В04110 Адам ресурстарын басқару

6В04110 Адам ресурстарын басқару

6В041110 Адам ресурстарын басқару білім беру бағдарламасы нарықта сұранысқа ие ғана емес, сонымен қатар пән аралық дағдыларға ие бірегей мамандарды дайындайды. Біздің студенттер адам ресурстарын басқару негіздерімен танысып қана қоймай, бизнес процестерді оңтайлы және тиімді құру туралы білім алуға мүмкіндік алады. Сізпроцестердіболжау мен инженериядағысоңғыәзірлемелергеқолжеткізіпқанақоймай, сонымен қатар нақты бизнес жағдайлары мен мәселелерін шешуге күш саласыз. Оқуды аяқтағаннан кейінсіз HR брендін басқару бойынша менеджер, HR цифрландыру бойынша менеджер, персоналды басқару бойынша талдаушы, бизнес және еңбек процестері талдаушысы, корпоративтік мәдениетті басқару бойынша менеджер, кадрлық агенттіктердегі, рекрутингтік компаниялардағы, консалтинг саласындағы, инвестициялық-банктік саладағы, аутсорсингтік агенттіктердегі, сақтандыру қызметтеріндегі және т. б. өзгерістерді басқару бойынша менеджер болып жұмыс істей аласыз.
Бейіндік пәндері: математика+география
6В03108 Әлеуметтану-дінтану

6В03108 Әлеуметтану-дінтану

6В03108 Әлеуметтану-дінтану
Орыс тілі + Орыс әдебиеті
6B01703 Орыс тілі мен әдебиеті

6B01703 Орыс тілі мен әдебиеті

6В01703 Орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімінің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 6В01703 Орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры»  академиялық дәрежесі беріледі.
6В01703 Орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының қәсіби қызмет түрлері:
  • білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарда;
  • ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми қызметкер);
  • әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде,баспа орындарда);
  • ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде;
  • әдеби кеңесші болып табылады.
Бейіндік пәндері: орыс тілі + орыс әдебиеті
6B01704 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

6B01704 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімінің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 6В01704 Орыс тілінде оқытпайтын мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры»  академиялық дәрежесі беріледі.
6В01704 Орыс тілінде оқытпайтын мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврының қәсіби қызмет түрлері:
  • білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарда;
  • ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми қызметкер);
  • әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде,баспа орындарда);
  • ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде;
  • әдеби кеңесші болып табылады.
Бейіндік пәндері: орыс тілі + орыс әдебиеті
6B02302 Филология: орыс филологиясы

6B02302 Филология: орыс филологиясы

«Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеріп, қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 6В02302 «Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша «Филология бакалавры»  академиялық дәрежесі беріледі.
6В02302 «Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр төмендегідей қәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
  • ұйымдастыру-басқару;
  • ғылыми-зерттеу, (орыс тілі мен әдебиетін қәзіргі жағдайы және тарихи дамуы тұрғысынан зерттеу);
  • баспа ісі, іс жүргізу, аударма, БАҚ-тағы қызмет.
6В02302 «Филология: орыс тілі» білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген бітірушілер тіл және әдебиет бағыты бойынша магистратурада оқуын жалғастыра алады.
Бейіндік пәндері: орыс тілі + орыс әдебиеті
6B03201 Кітапхана ісі

6B03201 Кітапхана ісі

Бітіруші  кітапханатану  және  библиография  бакалавры  академиялық  біліктілігін  алады.
Кітапханатану  және  библиография  маманның  кәсіби  қызметі   нысандары: Республикалық,  облыстық  және  басқада  кітапханалардың  кітапханашысы, библиографы,  әдіскері, ақпаратшы-хабаршысы, кітапхана  секторының  меңгерушісі, құжаттанушы, кітапхана- ақпараттық  профильдегі  ғылыми-зерттеу  институтының  ғылыми  қызметкері, мәдени-ағарту, кітапхана  колледждерінің  оқытушылары.
Бейіндік  пәндері : орыс тілі + орыс әдебиеті
6В01716 Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (ІР)

6В01716 Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (ІР)

6В01716 Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (ІР)
6В01708 Орыс, қазақ тілдері мен әлем әдебиеті

6В01708 Орыс, қазақ тілдері мен әлем әдебиеті

6В01708 Орыс, қазақ тілдері мен әлем әдебиеті
Дүниежүзі тарихы + Шетел тілі
6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және неміс тілдері/ ағылшын және француз тілдері)

6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және неміс тілдері/ ағылшын және француз тілдері)

Бітіруші «Білім» бакалавры академиялық біліктілігін алады. «Шетел тілі: екі шетел тілі» (ағылшын және неміс тілдері/ағылшын және француз тілдері)  маманының кәсіби қызметі нысандары:
  • мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;
  • бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;
  • мамандандырылған мектептер;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдары болып табылады.
Бейіндік пәндері: шетел тілі + дүниежүзі тарихы
6В03106 Аймақтану

6В03106 Аймақтану

Бітіруші түлектерге  6В03103  Аймақтану білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Түлектің біліктілік моделі:
6В03103   Аймақтану білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне әдістемелік және психологиялық тұрғыдан дайын;
- түлектің өзінің қызмет саласы бойынша алған білімі, бастамашылдығы, белсенділігі оған   еңбек нарығы мен технологияның өзгеріп отыратын талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді;
- жаңартылған білім берудің жаңа  ережелері мен жолдарын, оқытудың инновациялық әдістерін, қазіргі заманғы технологияларды меңгере отырып игеруге дағдыланған.
- әдістемелік тәжірибелер жүргізу, ғылыми-зерттеу  қызметін жүзеге асыру дағдыларына ие;
- Көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік қабілеттерге, жаһандық сынақтарға бейімделген, дағдыланған;
- 6В03103 Аймақтану бакалавры Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының әртүрлі мемлекеттік органдарында және сыртқы қатынастар саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдарда, трансұлттық корпорацияларда келесі лауазымдарда жұмыс істеуге дайын: референт, сарапшы, халықаралық қатынастар саласындағы кеңесші, сыртқы саясаттың бақылаушысы, тиісті шет тілдеріндегі аудармашы (аудармашы-референт), аналитик, Қазақстан Республикасының ғылыми және білім беру ұйымдарының аймақтық саясат саласындағы және жоғары арнайы білімі бар мамандарды типтік номенклатуралық лауазымдармен алмастыру үшін ұсынылған лауазымдар  қызметкері.
Бейіндік пәндері: дүниежүзі  тарихы + шетел  тілі
6B03102 Халықаралық қатынастар

6B03102 Халықаралық қатынастар

6В03102 Халықаралық қатынастар бакалавры өзінің халықаралық қатынастар саласындағы кәсіби қызметін мына салаларда  жүзеге асырады:
- жаһандық саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, мәдени, идеологиялық және басқа процестерді реттеу;
- Мәдениет, ғылым және білім саласындағы халықаралық қатынастар;
- Қазақстан Республикасының дипломатиясы және сыртқы саясаты;
- Қазақстан облыстарының шекаралық байланыстары;
- заманауи жаһандық мәселелер мен процестерді талдау негіздері;
- халықаралық қатынастар, әлемдік саясат және халықаралық қауіпсіздікті жан - жақты қамтамасыз ету саласындағы жоғары білім.

6В03102 Халықаралық қатынастар  білім беру бағдарламасы  бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет нысандары: мемлекеттік департаменттер, республикалық және аймақтық мемлекеттік басқару және басқару органдары – халықаралық  бөлімдердің, департаменттердің және шетелдік өкілдіктердің кіші және көмекші персоналы ретінде (кіші аудармашылар мен ілесіп жүрген адамдар, сарапшылар, референттер, соның ішінде ақпарат жинау референттері, хатшы аудармашылар, техникалық ақпараттық және қолдау бөлімшелерінің орындаушылары);халықаралық ұйымдар - сарапшылар, референттер, көмекші персонал және кіші звено аудармашылары  ретінде;

Қазақстандық және шетелдік бизнес құрылымдары, халықаралық қатынастарды қолдайтын немесе халықаралық мәселелермен айналысатын коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдар - кіші және қосалқы персонал ретінде (сарапшылар, ақпарат жинау бойынша референттер, кіші аудармашылар, хатшы-аудармашылар, лаборанттар, үйлестірушілердің көмекшілері, жобаның атқарушы хатшылары)

БАҚ редакциясы - халықаралық мәселелер бойынша репортер, көмекші персонал және кіші  звено аудармашылары  ретінде.

Бейіндік пәндері: дүниежүзі тарихы + шетел тілі 
6В01713 Ағылшын тілі (ІР)

6В01713 Ағылшын тілі (ІР)

6В01713 Ағылшын тілі (ІР)
6В01714 Шетел тілдері (ІР)

6В01714 Шетел тілдері (ІР)

6В01714 Шетел тілдері (ІР)
География + Шетел тілі
6B11101 Туризм

6B11101 Туризм

6В11101 Туризм білім беру бағдарламасының мақсаты туристік қызметтердің тұтынушылық сұраныстарына бейімделе алатын, оларды Қазақстанда және шетелде заманауи технологиялар негізінде ілгерілете отырып, туризмді ұйымдастыру саласындағы бакалаврларды дайындау.
Бітіруші 6В11101 Туризм білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр академиялық дәрежесін алады және туристік кәсіпорындардың, қонақ үй бизнесінің, халықаралық туризмнің, туристерге көліктік қызмет көрсетудің, туризмнің спорттық және белсенді түрлерінің менеджері болып жұмыс істей алады.
Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері мемлекеттік басқару органдары, туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар, туристік профильдегі консалтингтік компаниялар, туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері, жарнама агенттіктері, туристік қызметтерді жылжытумен айналысу болып табылады.
Бейіндік пәндері:  география  +  шетел  тілі
Шығармашылық білім беру бағдарламалары
6В01408 Бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығы

6В01408 Бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығы

Бітіруші түлектер бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындық бакалавр академиялық дәрежесі біліктілігін алады, орта білім беретін оқу орындары (жалпы білім беретін орта мектептерде, мектеп-интернаттарда, гимназиялар мен лицейлерде), техникалық және кәсіптік  білім беретін және білім беру әкімшілік ұйымдарында қызмет атқара алады.
Міндетті  тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы;
  2. ҚР тарихы.
2 шығармашылық емтихан:
  1. Спорт түрлері бойынша нормативтер
  2. Спорт ойындары.
6B01402 Дене шынықтыру және спорт

6B01402 Дене шынықтыру және спорт

Бітіруші түлектер дене шынықтыру және спорт бакалавр академиялық дәрежесі біліктілігін алады, мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік білім беру мекемелері (мектепке дейінгі, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беретін, орта білімнен кейінгі оқу орындары), балалар спорт мектептері мен клубтары, мемлекеттік мекемелер, дене шынықтыру мен спорттық қызметті басқару ұйымдарында қызмет атқара алады.
Міндетті тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. ҚР тарихы
2 шығармашылық емтихан
  1. Мамандану бойынша нормативтер
  2. Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер
6B01404 Музыкалық білім

6B01404 Музыкалық білім

Бітіруші музыкалық білім беру бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады және жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда музыка (саз) мұғалімі болып жұмыс істей алады.
Міндетті тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. Қазақстан тарихы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Орындау шеберлігі
  2. Жалпы музыкалық қабілетін көрсету.
6B01406 Мектептегі көркем еңбек және дизайн

6B01406 Мектептегі көркем еңбек және дизайн

6В01406 Мектептегі көркем еңбек және дизайн білім беру бағдарламасының түлегіне  білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілігі: Көркем еңбек және дизайн мұғалімі.
6В01406 мектептегі көркем еңбек және дизайн білім беру бағдарламасы бойынша келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
  • білім беру, әлеуметтік-педагогикалық, оқытушылық (дәріс оқу, өнер бойынша әңгімеөткізу, мұражайға, галереяларға, сәулет және ұлттық мәдениет ескерткіштеріне экскурсиялар өткізу), ғылыми-зерттеу, әдістемелік (көркем еңбекке, сәндік-қолданбалы өнерге оқытудың жаңа тәсілдерін, оқушылады оқытудың жаңа әдістерін әзірлеу, өнер бойынша білім берудің жаңа мазмұнын құрастыру); әртүрлі білім беру ұйымдарында көркем-шығармашылық қызмет (кескіндеме, графика, мүсін, сәндік – қолданбалы өнер және т. б. Бойынша көркем шығармаларды жасау);
Қызмет объектілері: жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар, қосымша білім беру мекемелері. Мектептен тыс мекемелер, өнермектептері, колледждер.
Міндетті тестілеу пәндері:
1.Оқу сауаттылығы
2.Қазақстан тарихы
2 шығармашылық емтихан:
1.Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті)
2.Кескіндеме (Натюрморт)
6В02129 Аспаптық орындаушылық

6В02129 Аспаптық орындаушылық

Біліктілігі:  оқытушы, концерттік  орындаушы, оркестр, ансамбль әртісі. Бітірушілер аспапта орындаушылық бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады. Олар мәдениет  және білім  саласында  жұмыс істеуге  дайын. Кәсіптік  біліктіліктерінің  қолдану  аясы: мәдениет  және  өнер  орта  білім  беретін  оқу  орындары  және  концерттік-филармониялық  ұжымдар.

Міндетті тестілеу пәндері:

  1. Оқу сауаттылығы
  2. Қазақстан тарихы

2 шығармашылық емтихан:

  1. Жеке (соло)  бағдарламасын  орындау (әр түрлі характердегі екі ән)
  2. Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/гармония/сольфеджио/этносольфеджио).
6В02102 Вокалдық өнер

6В02102 Вокалдық өнер

Бітіруші вокалдық өнер бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады. Мәдениет және білім саласында жұмыс істеп, концерттік орындаушылық, педагогикалық, ұйымдастырушылық жұмыстарды, шығармашылық және ұйымдастырушылық міндеттерді атқара алады.
 Міндетті тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. Қазақстан тарихы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Жеке (соло)  бағдарламасын  орындау (әр түрлі характердегі екі ән)
  2. Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/гармония/сольфеджио/этносольфеджио).
6В02125 Дәстүрлі-музыкалық өнер

6В02125 Дәстүрлі-музыкалық өнер

Біліктілігі:  оқытушы, концерттік  орындаушы, оркестр, ансамбль әртісі. Бітірушілер дәстүрлі  музыкалық  өнер  бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады. Олар мәдениет  және білім  саласында  жұмыс істеуге  дайын. Кәсіптік  біліктіліктерінің  қолдану  аясы: мәдениет  және  өнер  орта  білім  беретін  оқу  орындары  және  концерттік-филармониялық  ұжымдар.
Міндетті тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. Қазақстан тарихы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Жеке (соло)  бағдарламасын  орындау (әр түрлі характердегі екі ән)
  2. Музыкалық-теориялық пәндер бойынша ауызша және/немесе жазбаша емтихан (музыканың қарапайым теориясы/гармония/сольфеджио/этносольфеджио).
6B02104 Режиссура

6B02104 Режиссура

Бітіруші    драма театр режиссері  академиялық бакалавры  академиялық  біліктілігін  алады.
Режиссура білім беру бағдарламасының бакалавры жасайтын қызмет нысандары: театрлар, шығармашылық орталықтар, киностудиялар, телестудиялар, мәдениет мекемелері, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары, жоғары өнер оқу орындары.
Міндетті тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. Қазақстан тарихы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Актерлік шеберлік, сахна тілі
  2. Би, вокал
6B02105 Хореография

6B02105 Хореография

6В02105 Хореография білім беру бағдарламасы  түлегіне  өнер  бакалавры  академиялық  дәрежесі  беріледі, біліктілігі:  хореография  педагогы.
6В02105 Хореография білім беру бағдарламасы бакалавры жасайтын қызмет объектісі: хореографиялық өнер саласындағы педагогикалық қызметтер: хореографиялық шығармашылық орталықтарда; театрлар; хореографиялық колледждері, мектептері; шығармашылық орталықтар, мәдениет сарайлары мен үйлері, студиялар, клубтар, мектептер мен балалар мекемелері және т.б.
Міндетті  тестілеу пәндері:
  1. Қазақстан тарихы
  2. Оқу сауаттылығы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Орындау шеберлігі
  2. Коллоквиум. Балетмейстер өнері  бойынша тәжірибелік жұмыс.
6В02123 Сән және костюм дизайны

6В02123 Сән және костюм дизайны

6В02108 Сән және киім дизайны білім беру бағдарламасының түлегіне өнер бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Біліктілігі: киім дизайнері (модельер).
6В02108 Сән және киім дизайны білім беру бағдарламасының түлегі  келесі қызметтерді атқара алады:
  • Білім беру бағдарламасы бойынша дизайнер;
  • Білім беру бағдарламасы (өндіріс, ателье кәсіпорны) бойынша бірінші санатты техник;
  • Шығармашылық шеберханалардың, сән үйінің, ательенің, студиялардың дизайны мен т. б. жетекшісі.
Міндетті  тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. ҚР тарихы
       2 шығармашылық емтихан:
  1. Сурет, кескіндеме.
  2. Композиция немесе сызу.
6В02124 Интерьер дизайны

6В02124 Интерьер дизайны

6В02109 Интерьер дизайны білім беру бағдарламасының түлегіне өнер бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, біліктілігі: интерьер дизайнері.
6В02109 Интерьер дизайны білім беру бағдарламасы келесі қызметтерді атқара алады: 
  • Дизайн бюро, дизайн-студиялар, сәулет-жобалау шеберханалары, жарнама агенттіктері -дизайн бюро, дизайн-студиялар, сәулет-жобалау шеберханалары, жарнама агенттіктері
  • білім беру бағдарламасы бойынша бірінші санатты техник (жобалық ұйымдар, кәсіпорындар)
  • білім беру бағдарламасы бойынша инженер-зертханашы (жобалау ұйымдары, кәсіпорындар);
  • Шығармашылық шеберханалар, жарнамалық агенттіктер, бюро, дизайн студиялары және т. б. жетекші.
Міндетті  тестілеу пәндері:
  1. Оқу сауаттылығы
  2. ҚР тарихы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Сурет, кескіндеме.
  2. Композиция немесе сызу.
6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы

6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы

Бітіруші  мәдени-тынығу жұмысының бакалавры  академиялық  біліктілігін  алады.
Бітірушілердің кәсіби қызметінің нысаны - мәдениет, өнер мекемелері, шығармашылық орталықтар, әуесқойлық, клубтық бірлестіктер, орта және жоғары мәдени оқу орындары, мектеп және мектептен тыс мекемелер, бұқаралақ ақпарат құралдары болып табылады.
Міндетті  тестілеу пәндері:
  1. Қазақстан тарихы
  2. Оқу сауаттылығы
2 шығармашылық емтихан:
  1. Орындау шеберлігі
  2. Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері.
6В01413 Музыкалық білім (IP)

6В01413 Музыкалық білім (IP)

Бітіруші музыкалық білім беру бакалавры академиялық дәрежесі біліктілігін алады. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері  жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда музыка (саз) мұғалімі болып жұмыс істей алады.

Міндетті тестілеу пәндері:

  1. Қазақстан тарихы
  2. Оқу сауаттылығы
  3. Математикалық сауаттылық

2 шығармашылық емтихан:

  1. Орындау шеберлігі
  2. Жалпы музыкалық қабілетін көрсету.
6В02126 Актерлік өнер

6В02126 Актерлік өнер

6В02126 актерлік өнер  білім беру бағдарламасының түлегіне  білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Бітіруші түлек драма театрының актері, театр ұжымдарының жетекшісі, сондай-ақ балалар өнер мектептері мен орта, орта кәсіптік оқу орындарында арнайы пәндер оқытушысы, радио мен теледидардың, концерттік бағдарламалардың дикторы және жүргізушісі ретінде жұмыс істеуге кәсіби түрде дайындалады.

Міндетті тестілеу пәндері:

  1. Қазақстан тарихы
  2. Оқу сауаттылығы
  3. Математикалық сауаттылық

2 шығармашылық емтихан:

  1. Актерлік шеберлік, сахна тілі
  2. Би, вокал
6В01409 Дене шынықтыру және спорт (ІР)

6В01409 Дене шынықтыру және спорт (ІР)

6В01409 Дене шынықтыру және спорт (ІР)
6В01410 Дене шынықтыру, бейімдік дене шынықтыру және спорт

6В01410 Дене шынықтыру, бейімдік дене шынықтыру және спорт

6В01410 Дене шынықтыру, бейімдік дене шынықтыру және спорт
6В01414 Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (ІР)

6В01414 Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (ІР)

6В01414 Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (ІР)
6В01412 Көркем білім (ІР)

6В01412 Көркем білім (ІР)

6В01412 Көркем білім (ІР)
6В02127 Графикалық дизайн

6В02127 Графикалық дизайн

6В02127 Графикалық дизайн
6В02128 Қолөнер

6В02128 Қолөнер

6В02128 Қолөнер

БҚУ-дың артықшылығы:

  • ИСО 9001:2008 халықаралық сапа сертификаты (2004 ж.);
  • Шетелдің және ТМД елдерінің 100 ЖОО-мен жемісті ынтымақтастық;
  • Университет Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстан Республикасының 55 жетекші жоғары оқу орнының арасында 11-орында (2018 ж.);
  • Сұранысқа иеліктің ұлттық рейтингінің қорытындысында М.Өтемісов атындағы БҚУ 2020 жылы республиканың 89 жоғары оқу орнының арасында 8-орында;
  • БҚУ 95%-ы сапасының білім халықаралық стандарттарына (ESG) сәйкес мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
Image
©2024 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті | Западно-Казахстанский университет им.М.Утемисова

Search