🎓 “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының 9 білім беру гранты М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне бөлінді!

📌 Бұл бакалавриат бағдарламаларына арналған тегін оқу және ай сайынғы 40 000 теңге шәкіртақы алуға мүмкіндік береді.

📚 Грант оқудың толық мерзімін қамтиды және тек күндізгі бөлімге арналған.

🔹 Грант кімдерге арналған?

ҚР азаматтары:
1. ауылдық, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлер;
2. жетім балалар немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар;
3. мүгедектігі бар жастар;
4. мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққандар;
5. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтардың балалары;
6. Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған балалар.

Жас шектеуі - 29 жасқа дейін.

🗓 Құжат қабылдау мерзімі:
10-17 тамыз аралығы

📄 Қажетті құжаттар тізімі мен грант шарттары туралы толық ақпаратты университет қабылдау комиссиясынан біле аласыздар.

📱Қабылдау комиссиясының байланыс номері:
+7 (7112) 50-44-20;
+7 705 169 4030;
+7 771 535 5516.

📍 Мекенжай: БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 162, бас ғимарат.

©2025 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті | Западно-Казахстанский университет им.М.Утемисова

Search